Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу – қоғам талабы

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл індет қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу – әрбір мемлекеттік қызметшінің, сондай-ақ бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Сот жүйесі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды мемлекеттік институттардың бірі. Осыған байланысты сот органдарында ашықтық пен әділдікті сақтау, қызметтік әдеп нормаларын қатаң ұстану ерекше маңызға ие. Әсіресе сот приставтарының қызметі азаматтармен тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби біліктілігімен қатар адалдығы мен жауапкершілігі жоғары деңгейде болуы қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолдарының бірі – құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын түсіндіру. Әрбір азамат өз құқығы мен міндетін білген жағдайда заңсыз әрекеттерге жол бермейді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар кеңінен насихатталуы тиіс.
Бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрландыру жүйесінің енгізілуі де жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етуде. Электронды форматтағы қызметтер адам факторын азайтып, ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік органдар жұмысына деген сенімді арттырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес. Бұл – қоғам болып қарсы тұруды қажет ететін маңызды мәселе. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, пара беру мен пара алуға мүлде төзбеушілік танытуы қажет. Сонда ғана әділетті әрі дамыған қоғам құра аламыз.
Заң мен тәртіпке бағынған мемлекетте ғана тұрақтылық пен өркендеу болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таба береді.


Сүгір Б.
Мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының
аға сот приставы

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...