Мемлекеттік тіл – ел дамуының стратегиялық негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде тіл мәселесі әрбір мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстан үшін мемлекеттік тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, елдің ішкі тұтастығын сақтайтын, ұлттық қауіпсіздікке де ықпал ететін маңызды фактор. Қазақ тілі – мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және қоғамдық қатынастардың барлық саласында жетекші орын алуы тиіс.

Мемлекеттік тілдің дамуы – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырумен тікелей байланысты. Тіл арқылы білім беріледі, ғылым дамиды, инновациялар жүзеге асады. Егер мемлекеттік тіл толыққанды барлық салада қолданылса, онда қоғамның тұтастығы нығайып, ұлттық құндылықтар сақталады.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен тіл туралы заңнамалары мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындап қана қоймай, оны дамытуға нақты бағыт береді. Бұл ретте мемлекеттік органдардың, соның ішінде сот жүйесінің, жауапкершілігі ерекше. Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу – азаматтардың құқықтарын толық әрі сапалы қорғаудың кепілі.

Бүгінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында цифрландыру, электронды қызметтерді қазақ тілінде ұсыну, ресми құжат айналымын толық мемлекеттік тілге көшіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл – заман талабына сай тиімді қадам.

Сонымен бірге, мемлекеттік тілдің болашағы – жастардың қолында. Жастар қазақ тілін тек тұрмыстық деңгейде емес, кәсіби, ғылыми деңгейде меңгеруі қажет. Сонда ғана мемлекеттік тіл заман талабына толық жауап бере алады.

Қорытындылай айтқанда, мемлекеттік тіл – елдің дамуының өзегі. Оны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

А. Смайлов, Қазығұрт аудандық сотының сот мәжілісі хатшысы

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...