Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79 мекемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облыстық “Алтын шаңырақ” Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өткізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту, сотталған азаматшалардың бойында достық, өзара құрмет, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және мәдени-рухани тұрғыдан қолдау көрсету болды. Сонымен қатар, іс-шара сотталған азаматшалардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етіп, рухани тәрбие беру міндетін көздеді.

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облыстық “Алтын шаңырақ” Аналар кеңесінің мүшелері әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Сотталған азаматшалар ұлттық киімдер, әдет-ғұрыптар мен халықтар арасындағы достықтың маңыздылығы жөнінде мағлұмат алды.

Мерекелік жиын барысында бірлік пен татулықтың қоғамдағы орны ерекше екені айтылып, сотталған азаматшаларға рухани серпіліс сыйлады. Осындай тағылымы мол іс-шаралар адам бойындағы ізгі қасиеттерді қалыптастырып, қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

«Үміт – 2026»: шығармашылық арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

«Үміт – 2026»: путь к новым возможностям через творчество

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...