Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін(Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, азаматша Е.-нің жасы кәмелетке толмаған ұлы М. Тараз қаласы Байзақ батыр мен Абай даңғылы көшелерінің қиылысында бағдаршамда автокөлік жүргізушілерінен қайыр тілеп жүрген жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталған. Өз кезегінде М.-нің жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азаматша Е.-ге қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотта Е-нің ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамағандарының салдарынан оның жасы кәмелетке толмаған баласы әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекеті жасағаны іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденген.
ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеліп соғады.
Сот қаулысымен азаматша Е. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 60 550 (алпыс мың бес жүз елу) теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Өз тілшіміз.


