Мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі рөлі аса маңызды

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тұғырын нығайту еліміздің әрбір азаматына үлкен міндет жүктейді. Себебі, тіл мемлекеттіктің ең басты белгісі саналады. Сондықтан, оның өсіп-өркендеуіне барлық сала мамандары, жалпы халық болып атсалысу тиіс.

Қазіргі таңда соттардың іс қағаздары мемлекеттік
тілге толықтай көшкен. Барлық құжат мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Алайда, сот құжаттарын қазақша жүргізуімен ғана мемлекеттік тілдің
мәселесі шешілмейтінін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Олай дейтініміз,
соттарда қазақ тілінде қаралатын істердің аздығын статистикалық
мәліметтер растайды.

Тіл туралы заңның 13-бабында «Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледі, ал, қажет болған жағдайда, орыс немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады» деп көрсетілсе, 4-бабында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын
мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп міндеттелген. Өкінішке қарай, азаматтардың басым көпшілігі 13-бапқа сүйеніп, заңмен міндеттелген парыздарын ұмытып кетеді. Ел азаматтары қоғамымыздың қай саласында болмасын тілдің дамуына мүдделелік танытқанда ғана тіл мәселесі өзінен-өзі шешіледі.

Сонымен қатар, соттарда сот ісін жүргізу тілінің қағидаттары мен
мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, сотқа дейінгі материалдар мен істерді дайындауда тіл заңдылығын сақтау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту сынды өзекті мәселелер туралы дөңгелек үстел, семинар, т.б. түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоғарыда айтып өткенімдей, сот кеңселеріндегі қарым-қатынас тілі толығымен мемлекеттік тілге ауыстырылған. Бұл жағдайлар азаматтар сотқа тек мемлекеттік тілде жүгінгенде ғана сот өндірісін толықтай қазақ тіліне көшіруге қол жеткізу мүмкіндігі туатынын көрсетеді.

Байқоңыр қалалық сотының

Әкімшісінің басшысы

Ж.Тажимбетова

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...