СОТ ТӨРЕЛІГІ — ХАЛЫҚ СЕНІМІНДЕ

Ерте кезден-ақ даулы істерді жүгінгенде төрелігін дұрыс айтқан кемеңгер ақылманды жұрт арқасүйер панасы деп білген. Жуандардан әлімжеттік көргенде жоқ-жітіктер алдынан көңілі толып, мерейі өсіп шығатын төрелігін тең айтқан төбе билерді — «Қарақылды қақ жарған», «Тура биде туған жоқ», «Аталар сөзі-ақылдың көзі», «Ақыл сөзде, мейір көзде» деп халқымыз өте қастерлеген, әділдігіне қарай хан ордасында орны белгіленген. Бұл әділет, теңдік, еңбек сүйгіш халқымыздың кешегі тірегі бітім айтар, кесім айтар сөзге тоқтатар билер болған, бүгінгі тәуелсіз еліміздің арқа сүйері – Ата Заң.

25 желтоқсан 2000 жылы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды, аталған заңға 16 ақпан 2012 жылы өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана  жүзеге асырады. Соттың ерекше өкілеттілігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салынған. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттілігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ..

         Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзгеде нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

         Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

         Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актілері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

           Судья Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен тағайындалады, осындай мәртебеге ие болып отырған судья — ол мемлекет тірегі. Отанын сүйген ел алдындағы борышын сезінген судьялар ешқашан да ар-ұяттан аттамайды. Ары таза судья — ол халық тірегі. Қазақтың «Тура биде туған жоқ» -дегені бекер емес, сондықтан да осы қағиданы әрбір судья берік ұстағанда ғана халықтың сотқа деген сенімі ұлғая түседі. «Асыл міндет-адалдық, Асыл қасиет-адамдық» демекші соттың ең басты және бір ғана міндеті сот төрелігін адал да, заңды түрде жүзеге асыру. Халықтың сотқа деген сенімін нығайту, сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін де бірқатар шаралар жасалғаны анық.

         Табиғат тыныс — тіршілігі табиғат заңдылығының бұзылмауына негізделген болса, тәуелсіз қоғамымыздың сұранысы Ата-заңымыздың бұлжымай орындалуына негізделгендіктен, Сот жүйесі әділетті қоғамның кепілі екендігі — тәуелсіз еліміздің әрбір тұрғынының көкейінде тұрады. Ертеңге деген сенімін нығайтады.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының 

Бас маманы сот мәжілісінің хатшысы Ә.Болатова

Сот мұрағатының жұмысы                      

Соттардағы мұрағат жұмысы сот іс жүргізуінің  негізгі бөлігі. Мұрағат дегеніміз...

QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады

Қостанай өңірі еліміздің цифрлық трансформациясындағы жетекші орталықтардың біріне айналғанын...

QOSTANAI TECH подтвердил статус Костанайской области как одного из лидеров цифровой трансформации страны

Костанай стал одной из ключевых точек технологической повестки страны...

Тергеушінің бір күні: жауапкершілік пен әділдік

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің...

Сотни тысяч жителей ЗКО ощутят эффект от проектов МЭКС

В Западно-Казахстанской области продолжается модернизация коммунальной инфраструктуры. В Уральске...