Абай облысының ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Абай облысының ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл бастама көпұлтты қоғамдағы бірлік, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталып, өзара құрмет пен рухани жақындықтың жарқын көрінісіне айналды.

Мереке қарсаңында мекеме қызметкерлері Жаңғызтөбе кентінде тұратын 70 жастан асқан өзге ұлт өкілдерін арнайы аралап, мәдениет үйінде салтанатты кездесу өткізді. Аталған елді мекенде үш мыңнан астам адам тұрады, оның ішінде үш жүзден астамы түрлі этнос өкілдері. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, шешендер, түріктер, ұйғырлар, немістер тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олардың барлығы Қазақстанда туып-өскен, өз дәстүрлері мен тілдерін сақтай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеп, бойына сіңірген.

Іс-шара барысында тұрғындар өз өмір жолдары, тағдырлары және Қазақстандағы бейбіт өмірдің құндылығы туралы ойларымен бөлісті. Қатысушылар елдегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді мақтанышпен атап өтті.

– Мен 75 жастамын. Осы қасиетті қазақ жерінде туып-өстім, өмір бойы осында тұрдым. Біздің ата-бабаларымыз кеңес заманында Қазақстанға қоныс аударған. Бүгінде біз осы елдің толыққанды азаматтарымыз. Ұлтым – шешен, бірақ тілім де, жаным да – қазақ. Көрсетілген құрмет пен құттықтаулар үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, – деді ауыл тұрғыны.

– Біздің басты мақсатымыз – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайту. Мұндай іс-шаралар тек үлкендерге құрмет көрсетіп қана қоймай, жастарға да үлгі болады. Бірлік пен ынтымақ бар жерде даму да бар, – деп атап өтті мекеме кезекші бастығының көмекшісі Гульбахрам Закимова.

Мерекелік іс-шара қатысушыларға жылы әсер қалдырып, бірлік пен келісімнің маңыздылығын тағы да айқындады. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан Қазақстан халқы үшін бұл күн ортақ құндылықтар мен өзара құрметтің символы болып табылады.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...