Алматыда студенттерге арналған жаңа форматтағы жатақханалар саны артады

Алматы қаласында студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе инвесторларды жаңа құрылыс және қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңғырту жобаларына қатысуға шақырады. Аталған бастама мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, студенттерге арналған заманауи әрі қолжетімді жатақханалар қорын ұлғайтуға бағытталған.

Мемлекеттік субсидиялау — стратегиялық маңызы бар салаларды дамытуға бағытталған қаржылық қолдау тетігі. Алматыда студенттерді сапалы әрі қолжетімді жатақханамен қамтамасыз ету осы бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Бағдарлама аясында инвесторлар жаңа жатақхана құрылысын өз қаражаты есебінен жүзеге асыра алады немесе қолданыстағы ғимараттарды қайта бейімдеп, студенттік жатақхана ретінде іске қоса алады. Бұл ретте инвесторлар үшін тұрақты табыс көзі ретінде студенттердің тұру ақысы қарастырылған, сондай-ақ жатақхана базасында коммерциялық кеңістіктерді тиімді пайдалану мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, банктік несиелер бойынша субсидия алу, жер телімдерін рәсімдеу, сондай-ақ құжаттарды дайындау барысында тегін заңгерлік кеңес пен толық сүйемелдеу көрсетіледі.

Алматы қаласында студенттік жатақханалар құрылысына қолдау көрсету мақсатында құрылған жобалық кеңсе мемлекеттік бағдарламаның тиімді іске асырылуын үйлестіреді және инвесторларға барлық кезеңде қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда 120-дан астам инвестордың жобаға қызығушылық танытуы студенттік инфрақұрылымды дамытуға бизнестің жоғары сұранысын көрсетеді.

Мекенжай: Алматы қаласы, Байтурсынұлы көшесі, 22к1, 4-қабат

Байланыс нөмері: +7 701 528 28 37 Дамир Кутумов, жобалық кеңсе жетекшісі

Алматы қаласының студенттік инфрақұрылымын дамытуға өз үлесіңізді қосыңыз.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...