Процеске қатысушылар,  сот процесіне қатысатын өзге де  адамдарға сондай ақ, ашық  сот отырысына қатысуға ниет  білдірген адамдарға  қатысты  өткізу  режимін  ұйымдастыру

Сот отырысына қатысушылардың мәдениеті, сот отырысындағы тәртіп процесстік нормаларды сақтау арқылы, сондай-ақ барлық сот отырысына қатысушылардың сот әдебі нормаларын  сақтауымен ( сот ісіне қатысушы адамдардың және басқа да қатысушылар) қалыптасады. Сот талқылауы заңмен анықталған. Ашық сот отырысына келушілер сот залына кіру үшін күзет кызметкерлерінің  тексерісінен өтеді және сот залына өтуге рұқсат алады, тексерістен өтуге қарсылық білдірген азаматтарға өтуге рұқсат берілмейді. Тиым салынған заттармен өтуге болмайды, артық заттарды арнайы жәшікшелерге салуға болады. 

Сот отырысындағы тәртіпті сақтау төрағалық етуші судьяға жүктеледі. Сот процессіне қатысушылар тәртіпті сақтауға міндетті, істі талқылау кезінде тәртіпті бұзған адамға төрағалық етуші ауызша ескерту немесе одан да қатал шаралар қолдана алады.

Азаматтардың сот ғимаратында болғанда мәдениетті сақтауға және өздерін тәртіпті ұстауға, сотты сыйлауға, сот шақыруына уақытылы келуге, сот процессіне қатысушылар мен сот ұжымына  лайықты құрметпен қарауға тиісті.

Ашық сот процессі – Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізудің қағидатына негізделген, сот  залына кез келген адамның (БАҚ өкілдері, қоғамдастық) еркін кіруіне және онлайн көрсетілімдерге рұқсат беретін сот отырысының түрі. Мақсаты – сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, сенімді нығайту және құқықтық сауаттылықты  арттыру. Ашық сот процессінің ерекшеліктері — ол қолжетімділік, залға кіру ашық, фото-бейнежазба жасауға, егер бұл іс жүргізуге кедергі жасамаса рұқсат етіледі. Қазіргі таңда онлайн трансляция кең таралып келеді оның мақсаты құқықтық сананы нығайту, қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алу «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру. Ашық процесс тек мемлекеттік құпияны, жеке өмірді, балалардың қауіпсіздігін қорғау қажет болған жағдайда ғана, соттың ұйғарымымен жабық түрде өтуі мүмкін.  

Нурлан Нурбаев, Көкшетау қаласының мамандандырылған

тергеу сотының аға сот приставы 

Судьяның кәсіби бейнесін қалыптастырудағы моральдық талаптар

Қазіргі қоғамда сот билігіне деген сенім – құқықтық мемлекеттің...

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...

Споры в сфере государственных услуг

Основными нормативными правовыми актами в сфере государственных услуг, в...

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...