«Таза Қазақстан» аясында педагогтерге арналған экологиялық семинар өтті

Түркістан қаласындағы №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназия базасында қаладағы 40 мектептің педагогтеріне арналған экологиялық оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында өткізілді. Негізгі мақсат – педагогтар арқылы оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу дағдыларын дамыту болып табылады.

Семинар барысында қатысушыларға қалдықтарды басқарудың заманауи әрі тиімді тәсілдері таныстырылып, экологиялық білім берудің инновациялық жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға әсері, оларды жүйелі сұрыптау мен қайта өңдеу әдістері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бағдарлама аясында педагогтер тек теориялық білім алып қана қоймай, мектептерде экологиялық құндылықтарды енгізуге бағытталған интерактивті практикалық әдістермен де танысты.

Аталған семинар «Таза Қазақстан» бастамасын іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Ол өскелең ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, ресурстарды ұқыпты пайдалануға баулуға және қоршаған ортаға деген көзқарасты тереңдетуге ықпал етеді.

Мұндай мазмұндағы жүйелі іс-шаралар мектептердегі экологиялық тәрбиені күшейтіп, оқушылардың табиғатты қорғауға деген белсенді ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....