Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне ғана емес, олардың әдептілігі мен мінез-құлқына да байланысты. Мемлекеттік қызметкер – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан оның әрбір іс-әрекеті, сөзі мен қарым-қатынасы қоғам үшін үлгі болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметкердің әдептілігі – оның қызметтік міндеттерін адал әрі әділ орындауының негізі. Әдеп нормалары қызметкердің азаматтармен, әріптестерімен және басшылықпен қарым-қатынасында көрініс табады. Әдепті қызметкер әрдайым сыпайы, сабырлы, төзімді болып, кез келген жағдайда кәсіби шеңберден шықпауы тиіс.

Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын негізгі талаптар мыналар: Заңдылықты сақтау – барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы қажет. Адалдық пен әділдік – қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдде үшін пайдаланбау. Бейтараптық – саяси немесе жеке көзқарастарды қызмет барысында араластырмау. Жауапкершілік – қабылданған шешімдер мен әрекеттер үшін толық жауап беру. Сыпайылық пен құрмет – азаматтармен қарым-қатынаста мәдениетті болу. Кәсіби этика талаптары Мемлекеттік қызметкер өз кәсібіне адал болып, қызметтік құпияларды сақтауы керек.

 Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, кез келген заңсыз әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Ашықтық пен жариялылық қағидаларын ұстану да маңызды – бұл қоғамның сенімін арттырады. Мемлекеттік қызметкер тек өз мекемесінің ғана емес, бүкіл мемлекеттің беделін қалыптастырады. Сондықтан ол әрқашан жоғары моральдық деңгейде болуы керек. Қоғамдық орындарда, әлеуметтік желілерде де өзін ұстай білу – қазіргі заман талабы.

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау – тиімді мемлекеттік басқарудың басты шарттарының бірі. Әдепті, жауапты және кәсіби қызметкер ғана халықтың сеніміне ие болып, мемлекеттің дамуына үлес қоса алады.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудараралық соты әкімшісінің жетекші маманы   Б.М.Оразаева

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді (IESF World Esports Championship 2027) 

Бүгін Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар...

КАК РОЖДАЮТСЯ НОВЫЕ НАУЧНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ

В современной медицине и здравоохранении наряду с фундаментальной теорией...

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау - заңдылықты қамтамасыз...