ТЖМ басшысы Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекетін ашты

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Павлодар облысы Екібастұз қаласының Солнечный кентінде өрт сөндіру бекетін салтанатты түрде ашты. Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов, ТЖД бастығы Рустамбек Амрин, ардагерлер мен тұрғындар қатысты.

Шыңғыс Әрінов өртке қарсы инфрақұрылымды нығайту ведомствоның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша жаңа бөлімшелерді салу және қолданыстағы бөлімдерді жаңғырту заманауи сын-қатерлерге сай тиімді әрекет ету жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 Бөлімше заманауи стандарттарға сай және қызмет атқаруға қажетті барлық жағдаймен жарақталған. Ғимаратта кәсіби даярлыққа арналған оқу сыныптары, демалуға қолайлы үй-жайлар мен тұрмыстық аймақтар қарастырылған. Жеке құрам денесін даярлықта ұстауы үшін құтқарушылардың дағдылары мен төзімділігін үнемі жетілдіруге мүмкіндік беретін заманауи «Batyr team» спорт залы жабдықталған.

  Іс-шара аясында 22 өрт сөндіру бекеті құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру және құтқару техникасының кілттері табысталды. Бұл өрт сөндіру автоцистерналары мен жедел-құтқару автокөліктері. Құрылған жаңа бөлімше Солнечный кенті мен оған жақын орналасқан 11 ауылдық округтің, жалпы саны 9 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің өрт қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өрт сөндіру бекеті өңірдегі стратегиялық маңызды энергетикалық нысандардың бірі Екібастұз 2- мемлекеттік аудандық электр станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл нысан елдің энергиямен қамтамасыз етілуінде маңызды рөл атқарады.
 
  Іс-шара барысында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құтқарушылар және азаматтар ТЖМ мен облыс әкімінің ведомстволық наградаларымен наградталды.

  Жаңа нысанның ашылуы Павлодар облысының азаматтық қорғау жүйесін дамытудағы маңызды қадам, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өңірдің орнықты дамуына мемлекет тарапынан кешенді көзқарастың тағы бір дәлелі болды.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...