Қылмыстық іс жүргізу туралы мақала

Қылмыстық іс жүргізу – құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі. Ол қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, тергеу, сотта қарау және әділ шешім шығару тәртібін реттейді.

Қылмыстық іс жүргізудің басты мақсаты – қылмыс жасаған тұлғаны әділ жауапкершілікке тарту және кінәсіз адамдарды негізсіз айыптаудан қорғау . Осыған байланысты қылмыстық процесте заңдылық әділдік , кінәсіздік презумпциясы, тараптардың теңдігі және сот тәуелсіздігі сияқты қағидалар сақталуы тиіс

Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізу тәртібі Қылмыстық іс жүргізу кодексімен белгіленеді. Аталған кодекс қылмыстық процестің барлық кезеңдерін қамтиды: қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу, сот талқылауы және үкімді орындау.

Қылмыстық іс жүргізудің негізгі міндеттері: қылмыстық құқық бұзушылықтарды тез және толық ашу; кінәлі адамдарды әшкерелеу және жауапкершілікке тарту; кінәсіз адамдарды заңсыз айыптаудан қорғау; заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ету.

Қылмыстық іс жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – қылмыстық істі қозғау. Екінші кезең – алдын ала тергеу. Мұнда дәлелдемелер жиналып, күдіктінің кінәсі немесе кінәсіздігі айқындалады Үшінші кезең – істі сотта қарау .Сот барлық дәлелдерді зерттеп, заңға сәйкес шешімдерді шығарады. Соңғы кезең – үкімді орындау.

Қылмыстық іс жүргізу қатысушыларға тергеуші, прокурор, судья, қорғаушы (адвокат) жәбірленуші және күдікті жатады. Әрқайсысының өз құқықтарымен міндеттері бар. Мысалы, қорғаушы күдіктінің құқықтарын қорғайды, ал прокурор мемлекет атынан айыптауды қорғайды.

Қылмыстық іс жүргізу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау ерекше мәнге ие. Әрбір адам әділ сот талқылауына құқылы.

Қылмыстық істі қозғауда аңықтау органы, тергеуші, прокурор, заңды себеп болған жағдайда іс жүргізуге жеткілікті негіздің бар-жоғын аңықтайды. Тек қылмыстық іс қолғалғаннан кейін ғана жауап алу беттестіру, тінту, басқала тергеу әрекеттерін жүргізуге болады. Алдын ала тергеу кезінде прокурордың қадағалауымен аңықтау және алдын ала тергеу органдарының қылмыстың бар-жоғын, оларды жасаған адамдарды , зиянның сипаты мен мөлшерін, өзге де мән-жайларды аңықтау үшін айғақтар жинау, тиянақтау, зерттеу қызметі жүзеге асырылады. Алдын ала тергеу заңда көзделген негіздемелер болған жағдайда істі қысқартумен немесе сотқа жіберумен аяқталады. Егер істі қарауына заңды кедергілер болса, онда судья істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруға, істі жүргізуді тоқтата тұруға, оны қарастылығы бойынша талқылауға жолдауға немесе қырқартуға құқылы. Сот талқылауында сот істі қарап шешеді.

Қылмыстық іс жүргізу қызметін қылмыстық сот ісін жүргізу деп те атайды, мұның өзі соттың қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын бірден-бір орган екенін көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізудің міндеті қылмысты тез әрі толық ашу, айыптыны әшкерелу, заңды дұрыс қолдану.

 Қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізу жүйесі заманауи талаптарға сай жетілдіруде. Электрондық іс жүргізу , цифрлық дәлелдемерді пайдалану, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – осы саланың негізгі даму бағыттарының бірі.

Қорытындылай келе, қылмыстық іс жүргізу – құқықтық іс жүргізу құқықтық мемлекеттің маңызды элементі. Ол қоғамдағы әділдік пен тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың заң алдындағы теңдігін сақтауға бағытталған.

Т.И.Алдабергенов, Жезқазған қаласының

мамандандырылған  тергеу сотының сот әкімшісінің басшысы

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

Молодежь ЕНУ приняла участие в акции «Таза Қазақстан»

Студенты и профессорско-преподавательский состав Евразийского национального университета имени Л.Н....

ЕҰУ жастары «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік көрсетті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар...

ТЖМ басшысы Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекетін ашты

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Павлодар облысы Екібастұз...

Глава МЧС открыл новый пожарный пост в поселке Солнечный

Министр по чрезвычайным ситуациям генерал-лейтенант Чингис Аринов торжественно открыл...