Тараздағы халықаралық турнирде қазақстандық боксшы айқын жеңіске жетті

28 наурыз 2026 жылы Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде ҚКБФ санкциялаған халықаралық бокс турнирі өтті.

Аталған додада ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанты, Қазақстан Республикасының бокс бойынша спорт шебері Бауыржан Әли тәжікстандық боксшы Раджабой Ахмедовпен төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының жоғары дайындық деңгейі мен тәжірибесінің арқасында бірінші раундтың 57-секундында қарсыласына ауыр соққылар сериясын дарытып, техникалық нокаутқа түсірді. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, жеңіс Бауыржан Әлиге берілді.

Бұл жеңіс – қазақстандық бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің әлемдік бокс аренасындағы беделінің биік екенін айқындай түсті.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...