Астанада көктемгі тазалық жұмыстары қарқын алды

Көктем келісімен Астана қаласында дәстүрлі тазалық және абаттандыру жұмыстары басталды. Қала көшелері қар мен мұздан толық тазартылып, коммуналдық қызметтер санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған ауқымды шараларды қолға алды.

Қалалық әкімдік мәліметінше, биыл көктемгі тазалық жұмыстары бірнеше кезең бойынша жүргізілуде. Алдымен орталық көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, арық-атыз жүйелері ашылды. Бұл – жауын-шашын кезінде су жиналудың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жол жиектері мен жаяу жүргіншілер аймақтары арнайы техникамен жуылып, тазалануда.

Қаладағы саябақтар мен скверлер де назардан тыс қалған жоқ. Ботаникалық бақ, Жеңіс саябағы сияқты демалыс орындарында ағаштарды әктеу, құрғақ бұтақтарды кесу, орындықтар мен жарық шамдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, гүл отырғызу маусымына дайындық басталып, арнайы көшеттер жеткізілуде.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қала тұрғындары да тазалық акцияларына белсенді қатысуда. Әсіресе, оқу орындары мен еріктілер ұйымдары сенбіліктер ұйымдастырып, аулалар мен қоғамдық орындарды тазалауға үлес қосуда. Мұндай шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып келеді.

Мамандардың айтуынша, көктемгі тазалық жұмыстары тек көркейту ғана емес, қала экологиясын жақсартуға да ықпал етеді. Сондықтан әрбір тұрғын өз ауласының тазалығына мән беріп, ортақ іске атсалысуы маңызды.

Атап өтер жайт, бас қаламыздың тартымдылығы, тазалығы, экологиялық тұрғыдан кіршіксіздігі сырттан келетін қонақтарға да оң әсер етеді. Осы орайда Астанадағы ауа тазалығы, желдің әсерінен жиі тазарып тұратын ауасы, аспаны анық көрінетін ерекшелігі көпшіліктің ауызында. Сондықтан қаланың тазалағы мен экологиялық кіршіксіздігі үшін бұл қалаға қоныс аударғысы келетіндер көп ақ!

Жалпы, Астанадағы көктемгі тазалық науқаны – қаланың келбетін жаңартып қана қоймай, тұрғындарға жайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған маңызды шара.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ МОДЕЛІ: ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ МЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасы  Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Малахов Дмитрий Михайлович Әділетті сот –...

Еңбек кодексі заман сұранысына сай келеді 

Елімізде еңбек қатынастарын жан-жақты әрі толық реттеген ҚР Еңбек...

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...