Департамент өкілдері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Нархоз университетінде «Қазақстанның жаңару архитектурасы: тиімді менеджмент, құқықтық реттеу және халықаралық қауіпсіздік синергиясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға түрлі ұйымдардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы Президенттік орталықтың, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің және БҰҰ-ның Қазақстандағы Ақпараттық Бюросының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығының және Алматы қаласы бойынша филиалының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының байқау кеңесінің, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының санкциялық комитетінің, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының мемлекет және құқық Институтының өкілдері қатысты.

Талқылауға мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен қауіпсіздігі саласындағы өзекті сын-қатерлер мен қатерлер мәселелері шығарылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұржан Үзбеханов конференцияда Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалау тақырыбында сөз сөйледі. Атап айтқанда, спикер Мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға, цифрлық іріктеу тетіктерін жетілдіруге және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды реформалар туралы айтты.

Сондай-ақ, Н. Өзбеханов Е-qyzmet арнайы платформасында өтетін Мемлекеттік қызметке жаңартылған қабылдауға қатысты ақпаратты егжей-тегжейлі ақпаратты ұсынды. Жаңа жүйе іріктеу процесін толығымен автоматтандырады және конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызмет басқармасы

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлерінің үш буыны Қазақстанның мемлекеттік рәміздері аясында бас қосты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

Три поколения сотрудников УИС по области Абай объединились под государственными символами Казахстана

В преддверии Дня государственных символов Республики Казахстан в учреждении...

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Үкімет  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған...