Коронавирустың жаңа штамы 23 елге жетті: Пандемия қайта басталуы мүмкін бе? 

Әлемнің 23 елінде, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Гонконг және Мозамбикте ресми түрде BA.3.2 деп аталатын COVID-19-дың жаңа «Цикада» штаммы анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл нұсқаны «бақылаудағы» санатқа қосты. Бұл вирустың халықаралық деңгейде жіті назар аударуды талап ететінін білдіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

BBC мәліметінше, Нью-Йорктегі зерттеулерге сүйенген мамандар жаңа штамның ересектерге қарағанда балаларға тезірек жұғатынын байқаған. Бұған балалардың иммундық жүйесінің бұрын-соңды мұндай вирустармен жиі бетпе-бет келмегені себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, «Цикада» вирусының ақуызы қатты мутацияға ұшырағандықтан, адамның иммундық жүйесіне оны тану және антиденелер арқылы тосқауыл қою қиынға соғуда.

Вирусологтардың айтуынша, жаңа штамның өзіне тән ерекше симптомдары жоқ. Ол әдеттегідей дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі, шаршағыштық және тыныс алудың қиындауымен сипатталады. Қазіргі қолданыстағы вакциналардың тиімділігі бұл штамға қарсы сәл төмендеуі мүмкін, бірақ сарапшылар олардың ауруды жеңіл түрде өткеруге көмектесетінін айтады.

ДДСҰ қазіргі уақытта «Цикаданың» қоғамдық денсаулыққа төндіретін қаупі төмен деп бағалап отыр. Жаңа штамның ауруханаға жатқызу немесе өлім жағдайларын көбейткені туралы нақты деректер жоқ. Дегенмен, 65 жастан асқан қарттар мен созылмалы ауруы бар жандарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Елімізде 16 нотариус лицензиясынан айырылды

Қазақстанда нотариустардың қызметіне бақылау күшейіп келеді.

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Мемлекет басшысы академияның 180 балаға арналған жатақханасын аралап көрді. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала жаттығады.

Футболдан әлем чемпионаты: Барлық матчтардың кестесі 

Мундиальдың барлық матчтарын Қазақстаннан тамашалауға болатыны айта кетейік.

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ 

Биыл елімізде жалпы 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.

“Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер“. Тоқаев Алатаудың құжаттарын қабылдауға уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...