Мұнай бағасының құбылуы: Қазақстанда дайын сценарий бар – вице-министр  

АҚШ пен Иран арасындағы жағдайдың шиеленісуі және әлемдік мұнай бағасының құбылмалылығы аясында Қазақстан мұнай-газ саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов брифингте журналистердің геосаяси жағдайдың мұнай нарығына ықпалы туралы сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді.

Мұнай бағасының әлемдік конъюнктурасы күн сайын өзгеріп жатыр. Қазіргі жағдайда түрлі сценарий бар, нақты не болатынын дөп басып айту қиын, – дейді вице-министр.

Оның айтуынша, Энергетика министрлігі қысқа мерзімді болжамдарға емес, саланың тұрақтылығын қамтамасыз етуге назар аударады.

Министрлік ішкі нарықты қамтамасыз етуге, мұнай өндіру жоспарын орындауға, экспортты, жеткізу бағыттарын және ел ішіндегі тасымалды, сондай-ақ өңдеу саласын тұрақты ұстап тұруға көңіл бөледі, – деді Санжар Жаркешов.

Вице-министрдің сөзінше, мұнай бағасының күрт өзгеруіне қарамастан, саладағы негізгі процестер жоспарлы режимде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ ол Қазақстанның мұнай нарығы негізінен ұзақ мерзімді келісімшарттарға сүйенетінін айтады. 

Мұнай экспорты көбіне спот-нарық арқылы емес, орта және ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде жүзеге асады. Сондықтан келісімшарттардың сипаты тұрақты, – деді ол.

Осыған байланысты мұнай бағасының қысқа мерзімді ауытқуы ел экономикасына бірден әсер етпейді.

Әрине, оң әсер болады. Бірақ мұндай өзгерістердің нәтижесін шамамен алты айдан кейін көреміз. Үкімет болған соң әртүрлі сценарийге дайын болжам жасаймыз. Біздің бюджет те соған негізделген. Сондықтан мұнай бағасы төмен болсын, жоғары болсын – барлық жағдайға арналған арнайы сценарийлер бар. Үкімет оған дайын, – деп түйіндеді Санжар Жаркешов.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.