Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал сол тәуелсіздіктің баянды болуы ұлттық тілдің мәртебесіне, оның қоғамдағы орны мен қолданыс аясына тікелей байланысты. Тіл – ұлттың жаны, рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Сондықтан да «Тіл – тәуелсіздіктің тірегі» деген ұғымның мәні ерекше.

Қазақ халқы үшін ана тілі – елдігімізді айқындайтын, ұлтты ұйыстыратын басты құндылықтардың бірі. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз сан түрлі кезеңдерді бастан өткерсе де, өзінің тілін сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білді. Бұл – тілдің тек қатынас құралы ғана емес, ұлттық болмысымыздың өзегі екенін көрсетеді.

Егемендік алғаннан бері қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі беріліп, оның қолданылу аясын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде сот жүйесінде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу – маңызды міндеттердің бірі.

Сот саласында мемлекеттік тілдің қолданылуы азаматтардың құқықтарын түсінікті әрі қолжетімді түрде қорғауға мүмкіндік береді. Әрбір азамат өз құқығын толық түсіну үшін мемлекеттік тілді меңгерудің маңызы зор. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тіл мәдениеті мен сауаттылығы халықпен тиімді байланыс орнатудың негізі болып табылады.
Қазіргі таңда тәжірибеде кездесетін жайттардың бірі – сотқа жолданатын арыз-шағымдардың едәуір бөлігінің өзге тілде рәсімделуі. Бұл әсіресе заң көмегін көрсететін кейбір мамандар мен ұйымдардың жұмысында байқалады. Әрине, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір азаматтың өзіне қолайлы тілде жүгінуіне толық құқығы бар.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізу саласында кеңінен қолданылуы оның мәртебесін арттырып қана қоймай, құқықтық мәдениеттің дамуына да оң әсер етеді. Құжаттардың қазақ тілінде сауатты әрі кәсіби деңгейде әзірленуі – уақыт талабына сай үрдіс.

Осы тұрғыда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын біртіндеп кеңейту, оның ішінде құқықтық салада да дамыту – баршамызға ортақ міндеттердің бірі.

Бүгінгі күні жастарға мемлекеттік тілді құрметтеу мен дамыту жауапкершілігі жүктеледі. Ана тілін қадірлеу, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану – әр азаматтың парызы.
Қорыта айтқанда, тіл – тәуелсіздіктің тұғыры, елдігіміздің белгісі. Мемлекеттік тілді дамыту арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап, тәуелсіздігімізді нығайта аламыз.

Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық сот әкімшісінің бас маманы Р.Аккасинов

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...

Сокращенное производство в уголовном судопроизводстве

Судебное разбирательство в сокращенном порядке в уголовный процесс был...