Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлемнің көптеген елдерінде өзекті болып отыр. Бұл құбылыс қоғамның дамуын тежеп қана қоймай, азаматтардың болашаққа деген сеніміне де кері әсерін тигізеді. Сондықтан онымен күресу – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір саналы азаматтың борышы.

Сыбайлас жемқорлық ең алдымен әділетсіздікке алып келеді. Ол адал еңбектің бағаланбауына, заңның бұзылуына және қоғамда теңсіздіктің пайда болуына себеп болады. Осындай жағдайлар адамдардың мемлекетке деген сенімін әлсіретіп, әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Сол себепті жемқорлықтың алдын алу – ел болашағы үшін аса маңызды міндет.

Жемқорлықпен тиімді күресу үшін ең алдымен адамның сана-сезімін өзгерту қажет. Әрбір адам адал өмір сүруді өзіне қағида етуі тиіс. Пара беру арқылы мәселені шешу оңай көрінгенімен, ол қоғамға үлкен зиян келтіреді. Сондықтан заңды жолмен әрекет ету – әр азаматтың басты ұстанымы болуы керек.

Мемлекет тарапынан да бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Қатаң заңдар қабылданып, жемқорлыққа қарсы арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру, электронды жүйелерді енгізу – осы күрестің тиімді құралдарына айналды.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ іс. Әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтесе ғана әділ әрі дамыған қоғам құруға болады.


Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының аға сот приставы Б.Даулбаев

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...

Мемлекеттік тіл — сот төрелігінің маңызды құралы

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны ерекше. Қазақстан Республикасы Конституциясына...

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі – әділ сот талқылауының негізгі...