Әскери ынтымақтастық қарқынды дамып келеді

Қорғаныс саласын дамытуға ел Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып отыр. Басымдықтар ретінде Әуе қорғанысы жүйелерін, әскери-көліктік авиацияны, арнайы операциялар күштерін, радиоэлектрондық барлау мен күресті, ұшқышсыз ұшу жүйелері мен қос мақсатты құралдарды дамыту көрсетілген. Бүгінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамыту бойынша жобалар белсенді іске асырылып жатыр, бұл стратегиялық маңызды объектілерді қорғауға және мемлекеттің қорғаныс әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

ҚР Қорғаныс министрлігі Стратегия лық даму департаменті бастығының орынбасары, полковник Алпамыс Өтеповтің айтуынша, əскери-көліктік авиацияны дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұл армияның жедел ұтқырлығын арттырып, қауіп-қатерлерге тез жауап беруге жəне əскер күштерін қысқа уақыт ішінде қажетті жерге жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Airbus A400M Atlas ұшағы Қазақстан Республикасының Əуе қорғанысы күштері авиациялық паркіне қосылды. Ерекше рөл арнайы операциялар күштеріне беріледі. Олар терроризмге қарсы іс-қимылдан бастап бітімгершілік миссияларға қатысуға дейінгі түрлі қауіп-қатерлерге əрекет ететін əмбебап құралға айналып келеді. Олардың дайындығы, техникалық жабдықталуы жəне басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылы күшейтілуде. Алпамыс Өтеповтің сөзінше, маңыз ды бағыттардың бірі – радиоэлектрондық барлау мен радиоэлектрондық күресті дамыту, сондай-ақ ұшқышсыз авиациялық жүйелерді енгізу. Бұл – бақылау мен барлау жүргізудің жаңа мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, əскерді қолданудың тиімділігін арттыратын заманауи құрал. Сонымен қатар, қос мақсаттағы құралдарды əзірлеу жəне қолдану жұмыстары қатар жүргізілуде, бұл өз кезегінде армияға қосымша икемділік пен технологиялық артықшылық береді. – Қазақстанның қорғаныс-өнеркəсіп кешенін дамытуда шетелдермен əскери-техникалық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Қазақстан аумағында Қазақстан инжиниринг ұлттық компаниясы мен шетелдің алдыңғы қатарлы компаниялары бірлескен кəсіпорындар құрған. Олардың қатарында «Aselsan» түрік компаниясымен бірлесіп электронды-оптикалық аспаптар өндірісі, «Eurocopter» француз-неміс компаниясымен – ЕС145 тікұшақтарын өндіру жəне техникалық сүйемелдеу, «tales» француз компаниясымен – КВ жəне УКВ диапазондарының радиостанциялары жəне басқалары бар. Сонымен қатар, армияға қажетті өнімдерді Қазақстанда өндіру көлемі артты. Олардың ішінде патрон өндірісі, кеме жасау, əуе қорғанысы құралдарын жөндеу мен өндіру, оптикалық-электрондық жүйелер жəне бронды техника бар,– деді А. Өтепов. Бүгінде Қазақстанда жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттары да сынақтан өткен. Олардың қатарында «Burkit» жəне «Sunqar» UAV (Bet Sky), «Шағала» (Taharqa Technologies), сондай-ақ «Шағала-М» мен «Қарақұс» (R&D орталығы Қазақстан инжиниринг) бар. Сынақ нəтижесінде «Sunqar» ұшқышсыз жүйесі ҚР Қарулы Күштері қарауына қабылданып отыр. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін дамытудағы негізгі қағидаттар мен тəсілдер əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық бағдарламалық құжаттарда айқындалған.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...