Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылы қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 164 мың жолданымын қарады. 2024 жылы оның саны 127 мың болған еді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 29,1 пайызға көбейген.
Олардың 51,5 пайызы банктерге; 36,7 пайызы микроқаржы ұйымдарына, 11,8 пайызы нарықтың басқа қатысушыларына қатысты болды. Егер жолданымдардың сипатына көз жүгіртер болсақ олар негізінен қарыздар бойынша берешекті реттеу жəне өндіріп алу, банктік шоттар бойынша шектеулер, сондай-ақ алаяқтық тəсілмен ресімделген қарыздарға байланысты мəселелер бо йынша. Ал сақтандыру секторының жолданымдары негізінен сақтандыру төлемдерінен бастартумен жəне сақтандыру өтемінің мөлшеріне келіспеумен байланысты болады. Агенттік 2025 жылы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде Қазақстан заңнамасында белгіленген бұзушылықтар бойынша қаржы нарығының субъектілеріне 78 ұсынымдық қадағалау шарасын қолданды, 17 жазбаша нұсқама берді жəне əкімшілік құқық бұзушылық туралы 155 хаттама бойынша 70 млн теңгеге 55 əкімшілік жаза қолданды. Əкімшілік жазаның 16-сы банктерге; (13,3 млн теңгеге), 11-і коллекторлық агенттіктерге (4,2 млн теңгеге); 21-і микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (49,9 млн теңгеге; біреуі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (0,4 млн теңгеге) қолданылды. Ал 2026 жылдың алғашқы айында қаралған жолданым саны 15,6 мыңды құрады. 2025 жылы оның саны желтоқсанда – 15 мың, қарашада – 11 472 болған. Қаңтардағы жолданымдардың 61,4 пайызы банк секторына; 27,2 пайы зы микроқаржы ұйымдарына; 11,4 пайызы өзге ұйымдарға тиесілі болды. Сипаты бойынша олардың 57 пайызы қарыздар бойынша берешекті реттеу мəселесіне, 11 пайызы заңнаманы түсіндіруге, 7 пайызы түрлі мəселе бойынша консультацияларға тиесілі. Бұл ретте алаяқтық бойынша қаралған жолданымдар санының биыл 35 пайызға төмендегені байқалады. Оған агенттіктің есебіне сай онлайн-қарыздар беру кезінде міндетті «шешім қабылдау кезеңінің» енгізілуі, Антифрод-орталыққа қатысушылардың функционалы мен құрамын кеңейту, биометриялық сəйкестендіру рəсімдерін күшейтуді қоса алғанда, реттеушілік шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ агенттіктің əлеуметтік желілерде жəне Fingramota.kz порталында жүйелік ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі түрткі болып отыр.
Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»


