Заң мен тәртіп – тұрақтылық негізі

Қазіргі заманда қоғамның тұрақты дамуы мен адамдардың қауіпсіз өмір сүруі заң мен тәртіпке тікелей байланысты. Заң – бұл жай ғана қағаз жүзіндегі ережелер жиынтығы емес, ол қоғамдағы әділдік пен тәртіптің негізі болып табылады. Сондықтан заңды құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті ғана емес, оның саналы таңдауы болуы керек. Егер қоғамда заң болмаса немесе адамдар оны сақтамаса, онда тәртіпсіздік орын алып, әркім өз білгенімен әрекет етер еді. Мұндай жағдайда адамдардың құқықтары қорғалмайды, әділдік жоғалады.

Мысалы, біреу жол ережесін сақтамаса, ол тек өзін ғана емес, басқа адамдардың өмірін де қауіпке тігеді. Ал егер мұндай жағдайлар жиі қайталанса, қоғамда сенімсіздік пен қорқыныш пайда болады. Заңды құрметтеу – тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес, ол əр адамның жеке жа уапкершілігі. Əрбір адам өз іс-əрекетіне жауап беріп, заң талаптарын орындауы тиіс. Бұл ұсақ нəрселерден басталады: қоғамдық тəртіпті сақтау, кезекте мəдениетті болу, өзгелердің құқығын бұзбау. Осындай қарапайым əрекеттер қоғамда үлкен өзгерістерге алып келеді. Біз, жастар, болашақтың негізін қалайтын буынбыз. Сондықтан заң мен тəртіпті құрметтеуді қазірден бастап үйренуіміз қажет. Мектеп қабырғасында алған тəрбие – біздің болашақ өміріміздің негізі. Сабаққа уақытында келу, мектеп ережелерін сақтау, мұғалімдерді құрметтеу – осының бəрі заңға бағынудың алғашқы қадамдары болып табылады. Бұл бізді жауапкершілікке, тəртіпке жəне əділдікке тəрбиелейді. Сонымен қатар, заң мен тəртіп қоғамның дамуына үлкен əсер етеді. Заң сақталған жерде адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді, бір-біріне сенім артады. Мұндай қоғамда білім, экономика, мəдениет дамиды. Ал заң сақталмаған жерде керісінше, тұрақсыздық пен əділетсіздік орын алады. Тағы бір маңызды мəселе – заңды тек орындау ғана емес, оны құрметтеу. Яғни, адам заңды ішкі сеніммен қабылдауы керек. Бұл қоғамның мəдени деңгейін көрсетеді. Өркениетті елдерде адамдар заңды бақылаудан қорыққандықтан емес, өздерінің азаматтық жауапкершілігін түсінгендіктен сақтайды. Заңды құрметтеу – əр адамның саналы таңдауы болуы тиіс. Егер əрқайсысымыз өзімізден бастап заңды сақтасақ, қоғамымыз да жақсы жаққа өзгереді. Сондықтан заңды құрметтеу – тек міндет емес, ол – болашаққа жасалған маңызды қадам.

Қасымбек МАРАЛ, Ісмет Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...