Самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Алматы қаласында «STOP бұзушылық» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында микромобильдік құралдарды пайдалану қағидаларының сақталуына бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Күннің жылынуына байланысты электр самокаттарын пайдалану белсенділігі артты. Осыған орай патрульдеуге мобильді самокаттық экипаж шығарылды. Олардың құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері кірді.

Негізгі назар жалпы білім беретін оқу орындарының маңына және оған іргелес көше-жол желілеріне аударылды. Бір күннің қорытындысы бойынша электр самокаттарын пайдалану қағидаларын бұзудың 70 дерегі анықталды, оның ішінде 10 жағдайда кәмелетке толмағандардың басқару фактілері тіркелді.

Кикшеринг компанияларымен бірлесіп, құқық бұзушылықтарға жол берген пайдаланушылардың 7 аккаунты бұғатталды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың 3 заңды өкілі балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев ата-аналарды балаларға бақылауды күшейтуге шақырды.

«Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың электр самокаттарын қалай және қай жерде пайдаланатынына ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Кәмелетке толмағандарға мұндай көлік құралдарын басқаруға жол берілмеуі тиіс. Бұл – ең алдымен олардың қауіпсіздігі мәселесі. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз, – ықтимал тәуекелдердің алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу», – деді ол.

Мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалады? – Оқу жылының жаңа кестесі жарияланды 

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылының, мектеп демалыстарының және қорытынды аттестаттаудың...

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Абай күні еліміздегі ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанына да тоқталды.

Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден 10 млрд теңге талап етті: Ағасы себебін түсіндірді 

Марқұмның ағасы мұндай талаптың не себепті қойылғанын түсіндіріп, істің мән-жайын айтты.

Қайсар Қамза мен басқа блогерлерді заңсыз казино жарнамасына тартқан өзбекстандыққа іздеу жарияланды 

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалаған Өзбекстан азаматына халықаралық іздеу жариялады. Ол 35-тен астам блогерді тартқан.

Қазақстанда кімдер зейнетке ерте шыға алады?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы 5410 адам ерте зейнетке шығу құқығын пайдаланды.