Онкологтар мен радиологтар бас қосты

Алматы қаласында онкология, радиология және ядролық медицина саласындағы өңірдегі ең ірі кәсіби алаңдардың бірі саналатын Қазақстан онкологтары мен радиологтарының X халықаралық съезі өтті.

Қазақ онкология жəне радиология ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған бұл шараға 1400-ден астам маман қатысты. Оның 470-і офлайн форматта, 985-і онлайн режимде қосылды. Олардың қатарында АҚШ, Германия, Италия, Қытай, Ресей, Түркия, сондай-ақ Орталық Азия мен Кавказ елдерінен келген 150 шетелдік сарапшы барды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Əлназарованың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық көмекті дамыту жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Инфрақұрылым жаңғыртылып, жаңа клиникалар салынуда жəне жоғары технологиялық жабдықтар енгізілуде. Соңғы бес жылда онкологиялық көмекке бөлінетін қаржы көлемі үш еседен астам артты. Бұл халықтың диагностикаға қолжетімділігін кеңейтуге жəне пациенттерді заманауи таргеттік жəне иммуноонкологиялық препараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сəулелік жəне протондық терапияны, ядролық медицина технологияларын жəне жасанды интеллектті енгізудің арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім 14 пайызға төмендеп, бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65 пайызға жетті. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 16 пайызға, сəулелік терапиямен қамту 13 пайызға, обырды ерте анықтау деңгейі 4 пайызға өсті. Сондай-ақ Астанадағы жаңа онкоорталықтың базасында Протондық терапия орталығы ашылды, Қызылорда жəне Ақтау қалаларында екі жаңа ПЭТ/КТ орталығы пайдалануға берілді. Барлық өңірлерде сараптамалық эндоскопиялық орталықтар ашылып, былтыр онда 15 мыңнан астам зерттеу жүргізілді.

Е.ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...