Жер «қызыл аймаққа» өтті – БҰҰ есебі алаңдатты 

Жер климаты тепе-теңдігін жоғалтып, бұрын-соңды болмаған тұрақсыздық кезеңіне өтті. Мұндай қорытынды Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым  жариялаған «State of the Global Climate 2025» баяндамасында айтылды. 

2026 жылғы наурызда жарияланған есепке сәйкес, климат жүйесіндегі өзгерістер қарқыны тарихи максимумға жеткен. Парниктік газдардың концентрациясы рекордтық деңгейге көтеріліп, мұхиттар жылуды бұрынғыдан да жылдам сіңіріп жатыр. Ал мұздықтар мен теңіз мұздары қарқынды түрде еріп барады.

Климаттық соққылар күшейді

Баяндамада 2015-2025 жылдар аралығы бақылау тарихындағы ең ыстық 11 жыл болғаны атап өтіледі. 2025 жылы Жердің орташа температурасы индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда шамамен 1,43°C-қа жоғары тіркелген. Бұл – соңғы 176 жылдағы ең жылы жылдардың бірі.

Әлемдік мұхит та жаңа рекорд орнатты. Ол артық жылудың 90%-дан астамын сіңіріп отыр. Соңғы 20 жылда мұхит жұтқан энергия көлемі адамзаттың жылдық энергия тұтынуынан 18 есе көп.

Арктикадағы теңіз мұзы 2025 жылы ең төменгі деңгейге жақындаса, Антарктидада спутниктік бақылау тарихындағы үшінші ең төмен көрсеткіш тіркелген.

Сонымен қатар, теңіз деңгейі 1993 жылдан бері 11 сантиметрге көтерілген. Әсіресе Исландия мен Солтүстік Американың Тынық мұхиты жағалауында мұздықтардың жаппай еруі байқалып отыр.

Адамдарға әсері күшейіп жатыр

Климаттың өзгеруі тек табиғатқа ғана емес, адамдардың өміріне де тікелей әсер етуде. Есепке сәйкес, 1,2 миллиардтан астам адам (әлемдік жұмыс күшінің үштен бірі) ыстыққа байланысты қауіп-қатерге ұшырауда. Бұл, ең алдымен, фермерлер мен құрылыс саласы қызметкерлеріне қатысты.

Жылу стресі инфаркт пен күн өту қаупін арттырып қана қоймай, еңбек өнімділігін төмендетіп, табыс пен күнкөріс көздеріне соққы беруде.

Сондай-ақ климат өзгерісі маса арқылы және су арқылы таралатын аурулардың көбеюіне, психикалық денсаулық мәселелерінің ушығуына әкеліп отыр. Әсіресе халықтың осал топтары қатты зардап шегуде.

Климаттың өзгеруі өлім-жітім деңгейіне, табыс көздеріне, экожүйелерге және денсаулық сақтау жүйесіне жан-жақты әсер етеді, — делінген баяндамада.

Уақыт азайып барады

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі жағдай – жай дабыл емес, нақты қауіптің белгісі. Температура, мұхит, мұз және Жердің энергетикалық тепе-теңдігі бойынша барлық көрсеткіштер «қызыл аймаққа» өткен.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.