Балаларға темекі сатқандарға айыппұл қомақты

Темекі өнімдерінің зияны көп екені аз айтылып жүрген жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсетуінше темекі мезгілсіз өлімге жетелейтін негізгі себептің бірі. Әр темекіні шеккен сайын адам өмір сүру ұзақтығын 11 минутқа қысқартады. Құрамында түрлі зиянды заттар болғандықтан темекі түрлі аурулардың пайда болуына түрткі болып, адам ағзасын біртіндеп бүлдіреді. Міне, сондықтан да елімізде темекі өнімдерін тұтынудың зияны туралы үнемі ескертіліп, жастарды зиянды әдеттен алыстатудың амалдары қолға алынуда.

Осы мақсатта темекі өнімдеріне берілетін акциз бағасы көтерілді. Сонымен бірге шылымның зиянын ескерту мақсатында қораптың сыртына темекінің теріс əсерін бейнелейтін суреттер мен деректерді көрсету тəжірибеге енгізілген. Никотинді ұзақ қолданған азаматтардың денсаулығында қандай зиянды өзгерістер болатынын меңзейтін бұл суреттер де тұтынушыларды ойландыруды, сақтандыруды көздейді. Сондай-ақ, біздің елімізде кəмелетке толмаған балаларға темекі сатқандарға қомақты айыппұл қарастырылған. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 133-бабына сəйкес, балаларға темекі сатқаны анықталған сатушыларға (жеке тұлғалар) 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал шағын кəсіп иелеріне 25 АЕК, орта бизнес өкілдеріне 40 АЕК, ірі кəсіп иелеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл тө леуге тура келеді. Бұл құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұлдар да екі еселенеді.

Мұндай қомақты айыппұл төлемес үшін сатушылар тұтынушының кəмелетке толғанына көз жеткізуі керек. Егер тұтынушының жасына байланысты күмəн туса, төлқұжатын талап ету маңызды. Бұл талапқа мəн бермеу қалтаға салмақ салатынын ұмытпау керек. Бұған қоса Қазақстанда рұқсат етілмеген жерлерде (қоғамдық орындарда, кіреберістерде, автобус аялдамаларында) темекі шеккендерге де жауаптылық бар. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабына сəйкес арнайы белгіленбеген орындарда, айталық тұрғын үй ғимараттарының кіреберістері, лифтілер жəне көлік тұрақтарында, қоғамдық көлік аялдамалары мен метро станцияларда, сондай-ақ балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарында, білім беру, медициналық жəне мəдени мекемелердің а у м а қ т а р ы н д а те мекі шеккен, темекі тұқылын тастаған азаматтарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2026 жылы АЕК-тің өскенін ескерсек, қазіргі кезде рұқсат етілмеген жерде шылым шегіп, тұқылын көрінген жерге лақтыр ған дардың 64 875 теңге айыппұл төлеуіне тура келеді. Бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін айыппұл 20 АЕК-ке (86 500 теңге) дейін артады. Осыны ескере отырып жастарға темекінің зиянын үнемі ескертіп, жаман əдеттен сақтандырып отыру баршамыздың міндетіміз. Ұрпақ саулығы үшін темекіден бас тарту аса маңызды.

Т.ИБАШЕВА, «Заң газеті»

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...