Әлемдегі саяси ахуал құбылып тұр

Қазіргі геосаяси турбуленттілік жағдайында бітімгерлік бастамалар халықаралық қауіпсіздіктің негізгі құралдарының біріне айналды. Осы үдерісте Қазақстан өз ұстанымын нақты əрекеттер арқылы нығайтып келеді. Бүгінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы миссияларға қатысуын кеңейтіп, бітімгерлік контингент санын кезең-кезеңімен арттыруға бет бұрды. Соңғы шешімдерге сəйкес, қазақстандық əскери қызметшілер тек бақылаушы емес, толыққанды бөлімше ретінде қатысу мүмкіндігін иеленуде. Бұл – елдің бітімгерлік əлеуетінің сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

Практикалық тұрғыда қазақстандық бітімгерлер Голан жоталары секілді күрделі өңірлерде қызмет атқарып, атысты тоқтату режимін бақылау, гуманитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне жергілікті халықпен өзара іс-қимылды жолға қою міндеттерін орындауда. Бұл миссия БҰҰ-ның Бітімгерлік күштері шеңберінде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар, ел ішінде бітімгерлерді даярлау жүйесі жаңғыртылып жатыр. Қазіргі таңда халықаралық стандарттарға сай оқу-жаттығулар, тілдік дайындық жəне көпұлтты ортада жұмыс істеу дағдылары күшейтілді. Бұл қадамдар Қазақстанның тек қатысушы емес, өңірлік деңгейде бітімгерлік тəжірибені экспорттай алатын мемлекетке айналуына негіз қалайды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл бағыттағы белсенділік Қазақстан үшін бірнеше стратегиялық нəтиже береді. Атап айтар болсақ, еліміздің бүгінгі таңдағы бітімгершілік тұрғыдағы ұстанымы халықаралық беделдің артуы, көпвекторлы сыртқы саясаттың нығаюы, əскери кəсібиліктің өсуіне жол ашады. Қазіргі кезеңде Қазақстан бітімгерлік қызметті символдық деңгейден нақты əскери-дипломатиялық құралға айналдырып отыр. Бұл – елдің жаһандық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлін күшейтетін маңызды əрі өз уақытында жасалып жатқан қадам.

А. ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...

Жобалық кеңсе ЭКСЖ жоспар-кестесін орындау бойынша артта қалған өңірлерді атады

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаның Жобалық...

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...