Өрттен келетін материалдық шығын азайды

Өрт – тілсіз жау. Айтып келмейтін бұл апаттың алдын алу жұмыстары жүргізілмейтін болса, оның салдары өте ауыр болады. Мәселен, жыл басынан бері Жамбыл облысы аумағында 104 өрт оқиғасы тіркелген. Одан екі адам әртүрлі жарақат алып, бір адам көз жұмып отыр.

Ал өрттен келген материалдық шығын көлемі 10,2 млн теңгені құрады. Былтырғы сəйкес кезеңде 117 өрт болып, бір адам жарақаттанып, бір адам көз жұмып, материалдық шығын көлемі 10,7 млн теңгеден асқан болатын. Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дархан Қалдарбектің айтуынша, биыл тұрғын үй секторында орын алған өрттер саны – 69, автокөліктегі өрттер саны 35 болып отыр. Өрттердің басты себебі электр қондырғыларының шамадан тыс жүктелуі, яғни электр сымдарының қысқаша тұйықталуы мен тұрғындардың отқа абайсыз болуынан орын алып отыр. Өрттің алдын алуда үгіт-насихат жұмысының маңызы зор. Облыс бойынша əлеуметтік аз қамтылған, көп балалы жəне мүгедектігі бар 2980 тұрғын үй тізімі нақтыланған. Бұл тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 100 пайыз улы жəне табиғи газды анықтау датчиктері орнатылды. Сонымен қатар, жылыту маусымы басталғаннан бері 3 өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. «Айлық барысында тұрғын үй секторындағы өрттер мен улы газдан улану оқиғаларының алдын алу мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы түсіндіру жəне профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу кезінде мамандар 12586 тұрғын үйді аралап шықты. Жылыту маусымында өрт шығындарының алдын алу үшін 65624 азаматқа нұсқаулық берілді. Жылыту пештерін, электр қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 62780 адамды қамтыған 697 жиын ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында 1568 материал жарияланды», – дейді Дархан Өскенбайұлы. Оның сөзіне қарағанда, департаментте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша азаматтарға кеңес беру жəне ақпараттандыру үшін «Жедел желі» іске қосылған.

Нұрсана ҚАНАҒАТҚЫЗЫ, ҚазҰУ журналистика факультетінің 4-курс студенті

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...