Сот шешімін дереу орындатудың тәртібі қандай?

Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бұлжымас міндет. Заңға бой ұсынбағандар тиісті жауапкершілік арқалайды. Біз бұл мәселеде Азаматтық процестік кодекспен айқындалған дереу орындалуға жататын сот шешімдеріне тоқталамыз. Өйткені, көпшілік сот шешімдерін заңмен көзделген тәртіпте тез арада орындатуға болатынын біле бермейді. Сондықтан, олар өз құқығы мен мүддесін сот арқылы қорғауда заңмен берілген осы мүмкіндікті пайдаланғаны абзал.

Мəселен, аталған кодекстің 243-бабының 11-бөлігі дереу орындалуға жататын сот шешімдеріне жəне олардың орындалу тəртібіне арналған. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек, алименттік төлемдер мен жұмысынан заңсыз шеттетілген қызметкердің үш айдан аспайтын жалақысы, сондай-ақ, жұмысқа қайта орналастыру, денсаулыққа зақым келтірген жəне асыраушысынан айырылуға қатысты зиянды өтеу, ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешімдер дереу орындалуға жатады. Асыраушысынан айырылуына қатысты мəселеде келтірілген зиян алғашқы үш айда ғана дереу орындалуға жататынын ескерген жөн. Бұған қоса республикамыздың жəне шет елдердің аумағында экстремистік, террористік əрекеттермен айналысатын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану, оның өз атауын өзгерткенін анықтау, Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, берешекті қайта құрылымдау, борышкерді банкрот деп тану туралы, сонымен бірге осы баппен белгіленген өзге де сот шешiмдері дереу орындауды талап етеді. Осыған қатысты істерде талап арыз қанағаттандырылған жағдайда шешімнің қарар бөлігінде сот шешімінің дереу орындалуы міндет екені көрсетіледі. Сот шешiмдi қандай жағдайда дереу орындауға жiбереді десек, бұл норма 244-бапта жазылған. Егер талап қоюшы шешімнің дер кезінде орындалмау салдары өзі үшін елеулі нұқсан келтіретінін жазып өтініш білдірсе, соның негізінде сот шешімді дереу орындауға жiберуге құқылы. Бұл туралы осы баптың 2-бөлігінде «шешiмді дереу орындауға жол берілген кезде сот талап қоюшыдан сот шешiмiнiң күшi жойылған жағдайда шешiмнiң орындалуын бұруды қамтамасыз етудi талап ете алады» деп нақтыланған. Соттың дереу орындалуы тиiс шешiмi бойынша атқару парағы ол шығарылған соң ертеңгі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындауға жiберiледi. Сот шешiмiн дереу орындауға жіберу ол қабылданған сəтте шешiлмеген жағдайда бұл мəселе сот отырысында қаралады. Бұл жөнінде іске қатысушыларға хабарланады. Бірақ, олардың келмеуі аталған мəселені шешуге кедергi келтірмейді. Яғни, сот шешімін дереу орындауға жіберу туралы мəселе қарала береді. Шешiмдi дереу орындау туралы шығарылған соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым беру немесе оған прокурордың өтінішхат келтіру мүмкiндігі заңмен қарастырылған. Мұндай жағдайда осы ұйғарымның орындалуы тоқтатыла тұрады. Соттың заңды күшіне енген шешімдері орындалғанда ғана құнды. Сондықтан, соттың əрбір шешімі мен үкіміне, қаулысына құрметпен қараған жөн.

Нұрлан НҰРАЛИНОВ, Алмалы ауданының №2 сотының судьясы АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...