Тіркелмеген дәрілерді жарнамалауға тыйым салынады

Жалған дәрі, сапасыз медицмнадан тұтынушылар жиі зардап шегеді. 2025 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне 10-нан астам өтініш түсті. Оның ішінде 4 өтініш бойынша (Алматы қ., Қостанай облысы, БҚО, ШҚО) Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар құқық қолдану практикасын талдау, тауарларды еркін өткізу жəне қашықтан сауданың дамуына байланысты, тіркелмеген дəрілік заттар (ДЗ) мен медициналық бұйымдардың (МБ), оның ішінде интернет-ресурстар, əлеуметтік желілер мен маркетплейстер арқылы заңсыз айналымның өскенін көрсетеді. Тіркелмеген дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізіп, сақтағандарға Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ƏҚБтК) 426-бабының 3-бөлігі бойынша жауаптылық қарастырылған. 2024 жылы жалпы сомасы 31 144,4 мың теңгеге 51 əкімшілік іс қозғалып, əкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылы Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне тіркелмеген дəрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы маркетплейстерге, интернет-ресурстарға, блогерлерге орналастырылған ақпаратты жоюға қатысты 20-дан астам ақпараттық хат жолдады. 2026 жылы осындай 128 интернет-ресурсқа қолжетімділікті шектеу туралы ақпарат жіберілді. Былтыр 5423 жарнама таратушы қамтылса, оның ішінде 4927 интернет ресурстар (Instagram, Facebook, YouTube жəне т.б.) жəне 496 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауда ортақ қағиданы бұзғандарға тосқауыл қою мақсатында құзырлы министрлікке 11 хат жіберілген. Соның нəижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Meta» компаниясы Instagram-дағы 9 бейінді парақшаны жойған.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТАЛАПТАР

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына кері әсер ететін...

Медиация – тараптарды татуластырудың қуатты құралы

Дауласқан екі тараптың дәйегін сабырлықпен тыңдап, екі жақтың да...

Неке бұзылған кездегі отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың жағдайы

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған...

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...