Қазақстанның халықаралық және сыртқы саясаты – елдің дүниежүзілік экономикалық және саяси жүйедегі орны мен рөлін күшейтуге бағытталған кешенді бағдар. Бұл ұстаным көпвекторлы дипломатия, экономикалық прагматизм және аймақтық ынтымақтастықты тиімді тоғыстырады. Осының арқасында еліміз жаһандық турбуленттілік жағдайында сыннан сүрінбей өтіп, әлемдік саясаттағы өз орнын барынша нығайтып келеді.
Елдің сыртқы саясатының құқықтық негізі ҚР Конституциясы арқылы айқындалған. Ата Заңға сəйкес, халықаралық қатынастардың негізгі бағыттарын айқындау – Президент құзырында, ал халықаралық шарттарды ратификациялау – Парламенттің міндеті. Атқарушы деңгейде бұл саясатты іске асырушы негізгі орган – Сыртқы істер министрлігі. Мұндай өкілеттіктер бөлінісі сыртқы саясаттағы сабақтастық пен институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл – əсіресе жаһандық турбуленттілік жағдайында маңызды фактор. Қазақстан тəуелсіздік алған сəттен бастап көпвекторлы сыртқы саясат ұстанымын таңдады. Бұл басымдық белгілі бір геосаяси блокқа тəуелді болмау ды, түрлі бағыттағы серіктестермен теңгерімді қарым-қатынас орнатуды көздейді. Осыған орай Қазақстан бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңында жаһандық қауіпсіздік бастамаларын көтереді. Еуразиялық экономикалық одақ аясында экономикалық интеграция ға қатысады. Шанхай ынтымақтастық ұйы мы шеңберінде өңірлік қауіпсіздік мəселелерін талқылайды. Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы мұсылман əлемімен ынтымақтастықты дамытады. Бұл көпқабатты қатысу форматы Қазақстанның дипломатиялық маневр жасау мүмкіндігін сақтайды əрі сыртқы қысым тəуекелдерін азайтады. Қазақстанның халықаралық имиджінің өзегінде ядролық қарусыздану бас тамасы тұр. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы мен ядролық арсеналдан бас тарту шешімі елдің бейбіт бағыттағы саясатын айқындады. Бұл қадам Қазақстанды жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының біріне айналдырды. Қазіргі кезеңде де ресми Астана халықаралық құқық қағидаттарын сақтау, мемлекеттердің аумақтық тұтастығын құрметтеу жəне дауларды дипломатиялық жолмен шешу принципін ұстанып келеді. Сыртқы саясаттың маңыз ды бағыты – экономикалық мүдде. Бұл тұрғыда күн тəртібіндегі негізгі міндеттер – инвестиция тарту, экспорт географиясын кеңейту, көлік-логистика дəліздерін əртараптандыру. Бүгінде Еуразия кеңістігіндегі транзиттік əлеует Қазақстан үшін стратегиялық ресурсқа айналды. Орта дəліз бағыты, Каспий арқылы жүк тасымалы, Қытай–Еуропа бағытындағы логистикалық жобалар елдің геоэкономикалық маңызын арттырып отыр. Санкциялық текетірестер күшейген шақта Қазақстан үшін ең басты сын – экономикалық бейтараптықты сақтай отырып, ұлттық нарықты қорғау жəне сыртқы сауда байланыстарын үзбеу. Соңғы жылдары Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара сенім мен экономикалық кооперация нығайып келеді. Қазақстан бұл үдерісте үйлестіруші рөл атқаруға мүдделі. Мұнда өңірлік тұрақтылықтың негізі – су ресурстары, энергетикалық қауіпсіздік, шекаралық ынтымақтастыққа айрықша маңыз беріледі. 2025 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде Қазақстанның тауарлар экспорты 5,525,7 млн АҚШ доллары, ал импорт 10,699,5 млн АҚШ доллары деңгейінде болды. Экспорттағы басты үлес – шикі мұнай жəне мұнай өнімдеріне тиесілі. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен саудада Ресейдің үлесі əлі де жоғары, яғни 88-90 пайызға тең. 2025 жылғы қаңтарақпан жəне қаңтар-маусым бойынша да экспорт көлемінің төмендеуі байқалды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы $141,4 млрд болып жəне сауда балансы $21,8 млрд-қа өсіпті. Бұл өсім экспорттың 10,7%-ға ұлғаюымен қамтамасыз етілді. 2019–2024 жылдар арасында Қазақстанның шетелден тартқан инвестициясы $130 млрд-қа жуықтапты. Оның $72,7 млрд-ы өңдеу өнеркəсібіне бағытталған. Ел үкіметі 2024 жылы қабылданған Инвестициялық саясат тұжырымдамасы бойынша 2029 жылға дейін кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл инвестициялық ахуалды цифрландыру мен əкімшілік кедергілерді төмендету арқылы жүзеге асырылмақ. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан мұнай өндірісін 11,6 %-ға арттырды жəне экспорт көлемін тəулігіне 1,64 млн баррельге дейін жеткізді. Еліміздің OPEC+ құрамында қалып, квота саясатында теңгерімді сақтауы геосаяси тепе-теңдік пен энергетикалық стратегияның дұрыстығын көрсетеді. Бүгінде Баку–Тбилиси–Джейхан секілді альтернативті маршруттарды дамыту арқылы энергетикалық тасымалдауды Ресей бағытына шектен тыс тəуелділіктен азайтуға ұмтылыс жасалып жатыр. Бұл стратегиялық бастама транзиттік əлеуетті арттыруға жəне логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған Сарапшылардың айтуынша, 2024 жылы тікелей инвестиция қысқарды. Мұның негізгі себептерінің бірі – кейбір ірі жобалардың аяқталуы жəне жаңа жобаларға ауысудың кешігуі. Бұл уақытша құбылыс, жалпы, Қазақстанның инвестициялық ахуалы ұзақ мерзімде тұрақты болмақ. Қазақстанның сыртқы саясаттағы экономикалық көрсеткіштерге нақты əсер ететін стратегиялық бағыттары – экспортты əртараптандыру, инвестиция тартудың жаңа механизмдерін енгізу жəне өңдеу секторын күшейту. Сонымен қатар геосаяси тепе-теңдік арқылы стратегиялық серіктестік пен халықаралық байланыс орнату. Демек, Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты экономикалық негізбен үйлестіруді жалғастырып келеді. Бұл оның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»


