Мұғалімнің орны – төр

Оқушының мұғалімге құрметсіздік танытуы қоғамда жиі талқыланатын мәселеге айналды. Мұндай жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылғаны және педагогтың құқығы қалай қорғалатыны заңмен нақты бекітілген.

Заңға сəйкес педагогты өз міндетіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға, артық есеп талап етуге, заңсыз тексеріс жүргізуге жəне тауар не қызмет сатып алуға мəжбүрлеуге, ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітуге болмайды. Бұл əрекеттер үшін «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сəйкес əкімшілік жауапкершілік көзделген. Оқушы мұғалімге құрметсіздік танытқан жағдайда оның ата- анасына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (409 б., 7-7 бөлігі). Ал егер əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанатын болса, ата-анаға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Министрлік «Педагог мəртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы заңның 4-бабының 1-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасында педагогтың ерекше мəртебесі танылатынын, бұл оның кəсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз ететінін атап өтті. Осы заңның 7-бабында педагогтың кəсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары туралы нормалар айқын көрсетілген. Сонымен қатар, осы заңның 8, 9 жəне 12-баптарында педагогтардың материалдық қамтамасыз етілуге құқықтары, көтермелену құқықтары, сондай-ақ педагогтарға берілетін əлеуметтік кепілдіктерге қатысты нормалар нақты айқындалған. Оқу-ағарту министрлігі «Педагог мəртебесі туралы» заңның 13-бабының 1-тармағына сəйкес орта білім беру ұйымында кəсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагог қа бір оқу жылы кезеңіне тəлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп берілетінін хабарлады. Осыған орай орта білім беру ұйымында кəсіптік қызметін алғаш бастаған педагогтар қауымына тұрғылықты жеріне қарамастан (қала, ауыл деп бөлінбейді) сол ұйымның тəжірибелі педагогтары арасынан тəлімгер тағайындалады жəне сол жас мұғалімнің əрі қарайғы қызметіне бағыт-бағдар көрсетеді. Тəлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогқа Қазақстан заңнамасында белгіленген тəртіппен қосымша ақы төленеді. Тəлімгерлікті ұйымдастыру тəртібін жəне тəлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтарға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...