Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең жоғарғы заңдық күші бар құжаты. Ол елдің саяси жүйесін, мемлекеттік құрылымын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайды. Жаңа Конституция – қоғамның дамуына сай жаңарып, заман талабына жауап беретін маңызды құжат.

Ол мемлекеттің тұрақтылығын нығайтып, халықтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын орындауға міндетті. Жаңа Конституция қоғамда тәртіп орнатуға, әділдік пен теңдікті қамтамасыз етуге үлкен әсер етеді. Ол: 1. заңдардың негізін қалайды 2. биліктің шексіздігін шектейді 3. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды 4. мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтады.

Егер Конституция болмаса, қоғамда заңсыздық пен тәртіпсіздік орын алуы мүмкін. Сондықтан Жаңа Конституция – елдің дамуы мен болашағының кепілі. Конституция тек заңгерлерге немесе мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, әрбір азаматқа қатысты. Оны білу және сақтау – әр адамның азаматтық борышы. Өз құқықтарын білетін адам өз мүддесін қорғай алады және қоғамда өз орнын сенімді түрде қалыптастырады. Мектептерде Конституция негіздерінің оқытылуының себебі де осы – жас ұрпақты заңды құрметтеуге, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Заңды сыйлайтын қоғамда бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу болады. Қорытындылай келе, Жаңа Конституция – мемлекеттің жүрегі, қоғамның тірегі. Ол елдің дамуына бағыт береді, халықтың құқықтарын қорғайды және мемлекеттік биліктің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын орындаса, еліміз одан әрі дамып, гүлдене береді.

Шымкент қаласы МАЭС-тың бас маманы
А.Д. Сайранбаева

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Алименты – законное право ребенка

Вопрос о взыскании алиментов (алиментных отношений членов семьи (алиментных...