Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт киіммен қамтамасыз етудің жаңартылған тәсілі іске асырылып жатқанын хабарлайды.

Биыл спортшыларды киіммен қамтамасыз ету спорт маусымы бойындағы барлық қажеттіліктерді толық қамтитын жаңартылған тәсілдер негізінде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жарысқа арналған формамен қатар, спортшыларға жаттығу үдерісі мен жарысқа дайындыққа қажетті киімдер де беріледі.

Бұған дейін қамтамасыз ету ішінара сипатта болған. Мысалы, жазғы спорт түрлері тек жазғы киіммен ғана қамтылатын. Ал биыл әрбір спортшыға қысқы және жазғы жиынтықты қамтитын толық киім кешені ұсынылды. Экипировка халықаралық Under Armour брендімен жасалған келісім аясында жеткізілуде.

Жиынтық құрамына спорттық киімнің негізгі элементтерін қамтитын 18 түрлі атау кіреді. Атап айтқанда, үш аяқ киім, төрт спорттық костюм, үш жейде, қыстық сыртқы киім, кеудеше және тағы басқа спортшыға ең қажетті киімдер бар.

“Мемлекетіміздің үлкен қолдауының арқасында спортшыларға әлемдік брендтің сапалы спорт киімдері беріліп жатыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш. Бұрын жазғы спорт түрлеріне тек жаздық, ал қысқы спорт түрлеріне тек қыстық киім ғана берілетін. Қазіргі таңда спорт түрлеріне бөлмей, барлығымызға бірдей жаздық та, қыстық та киімдер ұсынылуда. Бұл бастама, бір жағынан, бізді біріктіріп, ортақ рух қалыптастыруға ықпал етеді. Енді Қазақстанның барлық спортшылары бірыңғай формада өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғауға тырысады”, — дейді дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев.

Қазіргі таңда форма жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, семсерлесу, шорт-трек және өзге де спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың бірқатарына табысталды. Экипировка бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды. Аталған тәсілді енгізу ұлттық құрамалар спортшыларына дайындық үшін тең әрі сапалы жағдай жасауға және олардың халықаралық аренадағы нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ МОДЕЛІ: ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ МЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасы  Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Малахов Дмитрий Михайлович Әділетті сот –...

Еңбек кодексі заман сұранысына сай келеді 

Елімізде еңбек қатынастарын жан-жақты әрі толық реттеген ҚР Еңбек...

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...