Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби біліктілігімен, адалдығымен танылған судья Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жасқа толды.

Ербол Тюлюгазинұлының еңбек жолы 1989 жылы Қарағанды қаласында «Угольремстрой» РСУ мекемесінде асфальтобетоншы болып басталды. Сол жылы Қарағанды қаласының Ленин аудандық ішкі істер бөлімінің күзет қызметінде күзетші болып еңбек етті. Бұл кезеңдер оның еңбекқорлығы мен жауапкершілігін қалыптастырды.

1990 жылдан бастап прокуратура органдарындағы қызметке қадам басты. Теміртау қаласының прокуратурасында прокурор көмекшісінің тағылымдамашысы, кейін Қарағанды қаласы Ленин аудандық прокуратурасында тергеуші тағылымдамашысы болды. 1991–1992 жылдары осы прокуратурада тергеуші қызметін атқарып, қылмыстық істерді тергеу саласында құнды тәжірибе жинақтады.

1992–1995 жылдары кәсіпкерлік салада еңбек етіп, «Ұлпан» фирмасында директордың орынбасары, кейін «Жанкар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарды.

1995 жылы Қарағанды облыстық прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі ретінде қасақана адам өлтіру қылмыстарын ашу бөліміне тартылып, күрделі істерді тергеуге қатысты. 1995–1997 жылдары ішкі істер органдарында қызмет атқарды.

1997 жылдан бастап прокуратура саласында жауапты басшылық лауазымдарда еңбек етті. Қарағанды облыстық прокуратурасында КНБ, кеден және салық полициясы органдарындағы жедел-іздестіру, тергеу және анықтау жұмыстарының заңдылығын қадағалау бөлімінде прокурор, кейін бөлім бастығы болды. Сондай-ақ Жезқазған қаласы прокурорының орынбасары, Қарағанды облыстық прокуратурасының аға прокуроры, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.

2002–2003 жылдары Қарағанды облыстық прокуратурасында қылмыстық қудалау, сот және прокуратура органдары статистикасын қалыптастыру бағытында бөлім және басқарма деңгейіндегі басшылық қызметтерде еңбек етті.

2003 жылдан бастап сот жүйесіндегі қызметі басталды. 2003–2017 жылдары Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №2 сотының судьясы болып, әділ әрі салмақты шешімдерімен танылды. 2017–2024 жылдар аралығында Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметін атқарып, өңірдегі сот төрелігінің сапасын арттыруға елеулі үлес қосты.

Ербол Тюлюгазинұлымен ұзақ жылдар бойы бірге қызмет атқарған әріптестері оның кәсіби және адами қасиеттерін ерекше атап өтеді. Қарағанды облыстық сотының судьясы Елик Мухамедин Серғалиұлы Абжанов Ербол Тюлюгазинұлын терең құқықтық білімімен, салмақты мінезімен, әділеттілік қағидаттарына әрдайым берік болған тәжірибелі аға ретінде сипаттайды. Оның айтуынша, Ербол Тюлюгазинұлы күрделі істерді қарауда әрқашан байыппен шешім қабылдап, әріптестеріне бағыт-бағдар бере білетін, ұжымда зор құрметке ие судья. Сонымен қатар ол жас судьялар үшін кәсіби ғана емес, өмірлік өнеге көрсете білген тұлға.

Ербол Тюлюгазинұлының көпжылдық еңбегі – заңдылыққа, әділеттілікке және кәсібилікке адал қызмет етудің айқын үлгісі. Ол әріптестері арасында сыйлы, ал жас мамандар үшін сенімді тірек бола білді.

Ербол Тюлюгазинұлы 03.12.2020 жылы «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен марапатталып, сот жүйесіндегі ұзақ жылғы еңбегі бағаланды.

Абжанов Ербол Тюлюгазинұлын 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық береке, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Тілге құрмет – елге құрмет

Біздің  тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл...

ӘРПК: Азамат құқығын қорғаудағы жаңа кезең

Қазақстанда құқықтық реформалардың маңызды бағыттарының бірі — азаматтардың құқықтары...

Қос ішектен төгілген үн – әлем төрінде

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі....

Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом

Сервис доставки документов на дом позволяет получать готовые документы...