Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа жеңілдік жасау, қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында қабылданады. Мұны айтып отырғанымыз, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңында халықтың қаржылық мүмкіндігін жақсарту, несие алуда мүддесін тиімді қорғау, борышкерлер жауапкершілігін күшейту көзделген.

Жеке тұлғалардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайын оңалтуға арналған осы заңның пайдасы халыққа ұшан-теңіз. Аталған заңның негізінде азаматтар банкроттықтың үш түрлі әдісі арқылы қарыздан құтылу мүмкіндігіне ие болады. Яғни, соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабылеттілігін қалпына келтіру рәсімдері, олардың тәртібі заңмен  нақтыланған.  

Тоқталып өтерлігі, осы үш рәсімде де сотқа өтінішті қарыз алушы ғана береді. Өзге адамдардың бұған құқығы жоқ. Аталған рәсімдерді қолдану тәртібі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңымен дәйектелген.

Мақалада жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміне кеңірек тоқталғымыз келіп отыр. Себебі, бұл рәсім барлық қарыздың мөлшері өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын борышкерлер үшін тиімді. Бұдан әрі нақтыласақ, төлем қабылеттілігін қалпына келтіруде тұрақты табысы бар азаматтар қарызын бес жылға дейін сот тәртібімен бөліп төлеуге мүмкіндік алады. Мұндай істерді қарау кезінде қаржы басқарушысымен бірлесіп сауықтыру жоспары әзірленеді әрі ол сотта бекітіледі.

Бұл процедураның басты артықшылығы, борышкерге «банкрот» мәртебесі берілмейді. Яғни, банкроттықта көзделген салдарлар оған қолданылмайды. Қарыз алушы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін сотқа жүгінеді. Мұндай кезде борышкер өз әрекетінен екі жұмыс күнінің ішінде несие берушілерді хабардар етеді. Талап арызда заңмен көзделген барлық шарттар сақталған жағдайда, он жұмыс күнінен кешіктірілмей азаматтық істі қозғау туралы ұйғарым шығарылады. Осыдан соң  уәкілетті орган қаржы басқарушысын тағайындайды.

Қаржы басқарушысы мен борышкер бірігіп қарызды бөліп төлеудің бес жылдық жоспарын жасайды. Ал борышкер өзінің мүлкі мен оның құжаттарына қаржы басқарушысының кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұған қоса әр ай сайын ең төмен жалақының мөлшерінде сыйақы төлейді. Айтып өтерлігі, төлем қабылеттілігін қалпына келтіруде борышкер мен қарыз берушінің өзара келісімі болуы керек.

Ең бастысы сот шешімі шыққан соң несие берушілердің сыйақы (процент) есептеуі тоқтатылып, негізгі қарыз бөліп төленеді. Бұл туралы талап арыз сотқа Азаматтық процестік кодекс талаптарының негізінде борышкердің тұрғылықты жері бойынша беріледі. Сот жоспарды бекіткен жағдайда, кредиторлармен келісім жасалып, қарыз өтеле бастайды.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тұрақты кірісі барлар үшін  өте тиімді әдіс. Қалпына келтіру мүліктің бір бөлігін сатуды немесе оны жалға беруді, сондай-ақ, тұрғын үйді сатуды оны құны төмен пәтерге айырбастауды, т.б. шараларды қамтиды.

Аталған рәсімнің банкроттықтан ерекшелігі бөліп төлеу арқылы қарыз алушының қаржылық жағдайын жақсарту мүмкіндігі артады. Сондай-ақ, мұнда мүлікті сату міндетті емес.

Айгуль Капарова,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...