Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің рухани тірегі. Тіл — тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол халықтың тарихы, мәдениеті мен болмысының айнасы. Сондықтан қазақ тіліне деген құрмет кез келген салада, әсіресе сот жүйесінде ерекше маңызды болуы тиіс.
Қазақ тілі — мемлекеттік тіл ретінде барлық мемлекеттік органдарда, соның ішінде сот саласында толыққанды қолданылуы қажет. Бұл талап тек заң жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орындалуы тиіс. Себебі сот — әділдік орнайтын, азаматтардың тағдыры шешілетін орын.
Сот процесінде тілдің рөлі өте зор. Егер азамат өз ойын ана тілінде еркін жеткізе алмаса, ол өзінің құқықтарын толық қорғай алмайды. Бұл әділ шешім қабылдауға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан сот отырыстарының қазақ тілінде жүргізілуі — азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі.
Әрине бүгінгі күнде талап қоюларды сотқа қазақ тілінде беру жөнінде, адвокаттар мен заң консултанттарымен дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді. Дегенмен де нәтиже қуантарлық жағдайда емес. Алдағы уақытта да бұл шара тоқтатылмайды. Әрдайым күн тәртібінен түскен емес
Сонымен қатар, сот саласында қазақ тілінің кеңінен қолданылуы — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырады. Судьялар, прокурорлар, адвокаттар және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері қазақ тілін жетік меңгеріп, кәсіби деңгейде қолдана білуі қажет. Бұл — олардың кәсіби жауапкершілігінің бір бөлігі.
Қазақ тіліне деген құрмет — бұл тек тілге деген құрмет емес, ол мемлекетке, халыққа және заңға деген құрмет. Сот саласында мемлекеттік тілдің үстемдігін қамтамасыз ету — әділетті қоғам құрудың негізгі шарттарының бірі.
Қорытындылай келе, сот жүйесінде қазақ тілінің қолданысын күшейту — уақыт талабы. Әрбір азамат өз ана тілінде әділдікке қол жеткізе алатын қоғам қалыптастыру — баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Серік Табанов

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....