Дауды медиация тәртібімен реттеу

Қазіргі таңда дауларды сотқа дейін және сот барысында баламалы тәсілдермен шешу тетіктері кеңінен қолданылуда. Соның ішінде медиация рәсімі – тараптар арасындағы дауды өзара келісім арқылы, үшінші бейтарап тұлғаның (медиатордың) көмегімен шешудің тиімді жолы болып табылады.
Қазақстан Республикасында медиация институты Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы негізінде реттеледі. Аталған заң медиацияның мақсаттарын, қағидаттарын және оны жүргізу тәртібін айқындайды.
Медиацияның негізгі қағидаттарына еріктілік, тараптардың теңдігі, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы, сондай-ақ рәсімнің құпиялылығы жатады. Бұл қағидаттар дауды тиімді әрі өзара тиімді келісімге келу арқылы шешуге мүмкіндік береді.
Медиация рәсімі азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша кеңінен қолданылады. Әсіресе, кәсіпкерлік субъектілері арасындағы дауларды қарауда медиация уақыт пен қаржыны үнемдеуге, іскерлік қатынастарды сақтап қалуға ықпал етеді.
Медиацияның артықшылықтарына тоқталсақ:
дауды қысқа мерзімде шешу мүмкіндігі;
сот шығындарын азайту;
тараптар арасындағы қарым-қатынасты сақтау;
рәсімнің икемділігі мен бейресмилігі.
Сонымен қатар, медиация барысында қол жеткізілген келісім соттың бекітуінен өткен жағдайда, ол міндетті түрде орындалуға жатады.
Қорытындылай келе, медиация – қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға, дауларды өркениетті түрде шешуге бағытталған маңызды құрал. Сондықтан дауларды шешуде медиация рәсімін кеңінен қолдану – уақыт талабы.


Б.Тасман, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Сот мұрағаты

Сот жүйесіндегі мұрағат — бұл жай ғана ескі қағаздар...

Инвестиции в будущее 

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ПОДПИСАЛ В МАРТЕ ЗАКОН РК «О ВНЕСЕНИИ...

Динамичный проект 

В ГОРОДЕ КЫЗЫЛОРДЕ ОТКРЫЛСЯ ПЕРВЫЙ В КАЗАХСТАНЕ «ЦЕНТР КОМПЕТЕНЦИЙ»....

Взаимная поддержка и диалог

ГЛАВЫ ВНЕШНЕПОЛИТИЧЕСКИХ ВЕДОМСТВ КАЗАХСТАНА И ОБЪЕДИНЕННЫХ АРАБСКИХ ЭМИРАТОВ ОБСУДИЛИ...

Шанс на трудоустройство 

В КОКШЕТАУ ПРОШЛА ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ. БОЛЕЕ 200...