Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы ел дамуына зардабын тигізеді. Олай дейтініміз,  лудоманияның кесірінен талай шаңырақ шайқалып, суицидтік жағдайлар да орын алуда. Бұл мәселеге алаңдаған Мемлекет басшысы «Ең қауіпті әлеуметтік кеселдің бірі – лудомания. Құмар ойынға тәуелділік көптеген азаматты орға жығып, қарызға белшесінен батырады, отбасының шырқын бұзады, қылмысқа, суицидке итермелейді» деп, онымен күрес жолында бірқатар пәрменді шаралар қабылдады. 

Солардың бастысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы. 

Осы заңмен құмар ойындарға қарсы күрес шаралары күшейтілді. Атап айтсақ, құмар ойындарға бәс тігуге борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрғандардың қатысуына тыйым салынды. Сонымен бірге  жауапты мемлекеттік лауазымды  тұлғалар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендер, оларға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға бәс тігуіне шектеу қойылды. Бұл қатарда мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да бар. Заң талабына бағынбағандар ешқандай ескертусіз қызметінен бірден босатылады. 

Лудоманиямен күрестің тағы бір тиімді әдісі азаматтар eGov mobile қосымшасы арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан ерікті түрде бас тартуға өтініш бере алады. Көпшілік заңның осындай тиімді тұстарын білгені абзал.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жазасы Қылмыстық кодекстің 307-бабымен белгіленген.  Мысалы, ойын мекемесiн заңсыз ашып, осы саладағы қызметтi заңсыз ұйымдастырғандар, оларға сол мақсатта үй-жай бергендер, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асырғандар, яғни, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасағандар   мүлкi тәркiленiп, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Онлайн казино ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жалпы алғанда 307-бапқа сай, бас бостандығынан айыру жазасы екі жыл мен жеті жыл аралығын құрайды. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктерінің заңмен күшейтілуі талай тағдырдың түзелуіне сеп болары анық.

Мәди Камал,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...