Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер ерекше құқықтық реттеуді талап етеді,себебі бұл істерде баланың жасы,психологиялық дамуы және әлеуметтік жағдайы ескеріліу тиіс.Осыған байланысты кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қараудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау басрында сот пен құқық қорғау органдары баланың жеке басына,тәрбиесіне,өмір сүру жағдайына және психологиялық дамуына ерекше мән береді.Бұл тараптар ҚР ҚК және ҚПК нақты көзделген.

Сонымен қатар,кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы олардың жас ерекшеліктерін еске отырып белгіленеді. Заңнамаға сәйкес,кәмелетке толмаған тұлғаларға жаза тағайындау кезінде жазаның тәрбиелік әсер негізінде мақсаттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды кеңінен қолдануға және бас бостандығынан айыруға балама шараларды таңдауға құқылы.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қараудың тағы бір маңыщды өкілдердің,қорғаушының және педагогтың немесе психологтың қатысуының міндеттілігі.Бұл баланың құқықтарының толық көлемде сақталуын және оның мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау кезінде сот тәжірибесінде нақты өмірлік жағдайлар жиә кездеседі. Мысалы: кәмелетке толмаған тұлғаның ұрлық қылмысын жасауы кезінде сот оның қылмысты алғаш рет жасағанын,ата-анасының бақылауының жеткіліксіз болғанын және материалдық жағдайын ескере отырып,бас бостандығынан айыру жазасын емес,тәрбие қылып ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін. Сонымен қатар,кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың тағы біркең таралған түрі – денсаулыққа қасақана зиян келтіру немесе төбелеске қатысу болып табылады.Мұндай жағдайларда сот жасөспірімнің әрекетіне оның эмоциялық тұрақсыздығы мен жас ерекшеліктеріне байланысты баға береді. Көп жағдайда татуластыру рәсімдері немесе шартты жаза қолдану тәжірибесі кездеседі.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау барысында жазаны даралау қағидасының қатаң сақталатынын көрсетеді. Атап айтқанда,ҚР ҚК-нің 82-бабына сәйкес соттар кәмелетке толманның жасы,психологиялық дамуы,тәрбиесі және өмір сүру жағдайларын еске отырып шешім қабылдайды.

Сот жасөспірімдерге қатаң жаза қолданудан бұрын басқа жолдарды іздейді.Осы мақсатта кеңінен қолданылатын тиімді құралдың бірі – медиация.Бұл процесс жәбірленуші мен татуласуына бағытталған. Кәмелетке толмағандар үшін медиация істі сотқа жеткізбей немесе сот залында тоқтатудың ең жиі кездесетін әрі оңтайлы жолы болып саналады, себебі бұл жасөспірімнің психологиясына түсетін салмақты азайтады.

Қортыныдылай келе ,кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қараудың басты ерекшелігі  – жазалау емес,тәрбиелік әсер мен баланың құқықтарын қорғау болып табылады. Сот процесінде жасөспірімнің психологиялық дамуын,өмір сүру жағдайын ескеру және медиация секілді баламалы шараларды қолдану , оның болашағына түсетін салмақты азайтудың ең тиімді жолы. Бұл тәсіл жасөспірімді қатаң жазалаудан гөрі, оны қайта тәрбиелеп,қоғамға бейімделуге мүмкіндік береді.

Какабаева М.К. Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынын аудандық және оларға теңестірілген сот әкімшісінің сот отырысының бас маманы – хатшысы

Баланс прав родителей и прав ребёнка в судебных спорах

​Вопросы, связанные с воспитанием и содержанием детей, занимают особое...

Сот кабинеті туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» модулі құрылған,...

Сайлауға және Республикалық референдумға қатысушылардың сайлау құқықтарын қорғау

Еліміздің Ата Заңымыз – Конституцияның 3-бабына сәйкес, Мемлекеттік биліктің...

Жеріне көпір құрылысы соғылып кеткен азаматтың құқығы сотта қорғалды

Азамат М.Пратовтың меншігінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карасу а/о,...

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...