Сот кабинеті туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» модулі құрылған, сол арқылы жеке және заңды тұлғаларға және олардың заңды өкілдеріне соттарға электронды формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде сот органдарымен электронды хат алмасу мүмкіндігі туындап отыр, бұл заңды, жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға да қолжетімді.

Пайдаланушы “Талап-арыз беру” сервисін таңдауды жүзеге асырады және төмендегі деректер көрсетілетін электрондық талап-арыз нысанын толтырады: облысы; талап-арыз берілетін соттық атауы; соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда: “төлемеу” деген жолға белгі қойылады; “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” Қазақстан Республикасы Кодексінің 541-бабына сәйкес мемлекеттік баждан босатылған істер санаты/талапкерлер көрсетіледі; мемлекеттік баж сомасы; “Электрондық үкімет” төлем шлюзі арқылы мемлекеттік бажды онлайнмен төлеген жағдайда “онлайн-төлем” жолы толтырылады; арыздың сипаты; істің санаты; даудың жалпы сомасы; сот істерінің тараптары.

Жеке және заңды тұлғалар немесе олардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.
«Сот кабинетіне» тіркелу ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады.
«Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.
Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» тіркелу рәсімінен өткеннен кейін:
1) талап арызбен;
2) сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;
3) сот отырысының хаттамасына ескертумен;
4) өтінішпен сотқа жүгіне алады.
Сотқа ұсыну үшін арыз мәтіндік форматта жүктеледі (қарпі 14 Times New Roman, жартылай интервал)
Әрбір жеке құжат құжаттарды беру жүйесінде жеке файл түрінде жүктелуге тиіс. Файлдардың саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.
Пайдаланушы жүктейтін файлдың форматы *doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес келуі тиіс. Файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс.
Сотқа арыздарды, өтінішхаттарды, талап қоюды беру механизмін жеңілдетуге, азаматтардың уақытын үнемдеуге, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне, сонымен бірге сот іс жүргізуін электронды цифрлық қол таңба арқылы электрондық әрекеттесу бойынша жеңілдетуге бағытталған.

«Сот ісін жүргізу» қызмет көрсетуі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік сот ісін жүргізу құқығы салалары бойынша бөліктерді қамтыған, ол тәжірибесі жоқ пайдаланушыға заңдық кеңес алмай-ақ сервисті пайдалану мүкіндігін ұсынады. Құқықтың әрбір саласында тиісті электрондық қызмет көрсетулер бар.

«Менің істерім» деген бөлімде пайдаланушы жіберген электрондық арыздар туралы ақпаратты қарау және істі қарау барысының мүмкіндігі жеңілдетілген. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін енді бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы ақпаратты қарау және істі қарау барысы бір жерде іске асырылған, пайдаланушы тиісті сілтемені баса отырып, барлық сатыдағы өз ісінің қозғалысының тұтас процесін қарай алады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесіне заманауи электрондық технологияларды енгізу халықтың сот төрелігіне қолжетімділік деңгейін елеулі түрде көтеруге мүмкіндік берді.

«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы Зиядин Ермахан Әбжапарұлы

Сайлауға және Республикалық референдумға қатысушылардың сайлау құқықтарын қорғау

Еліміздің Ата Заңымыз – Конституцияның 3-бабына сәйкес, Мемлекеттік биліктің...

Жеріне көпір құрылысы соғылып кеткен азаматтың құқығы сотта қорғалды

Азамат М.Пратовтың меншігінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карасу а/о,...

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...