Қазақстанның үш аймағында жаңа су электр станциялары бой көтереді

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеу жоспарланып отыр. Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жұмыстар былтыр қыркүйек айында қабылданған «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізілуде. Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған.

Жол картасын іске асыру нәтижесінде «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Алатау – жаңа даму нүктесі: Қазақстан не үшін жаңа қала құрып жатыр? 

Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылымды реформалаудың жаңа кезеңі басталып отыр. Бұл мемлекет басқару жүйесін қазіргі экономикалық және демографиялық сын-қатерлерге бейімдеуге ұмтылысын көрсетеді.

Елімізде пәтерақының жартысын мемлекет төлеп береді: Көмекті кім ала алады? 

Қазақстанда 2022 жылдың сәуірінен бастап жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананың жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы жұмыс істеп келеді.

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін тексеріс күшейді

Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері, соның ішінде түнгі жарыстар көбейгені анықталған.

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.