Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін тексеріс күшейді

Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері, соның ішінде түнгі жарыстар көбейгені анықталған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жолдағы жағдайды тұрақтандыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында саптық бөлімшелер рейд жүргізіп жатыр. Кейінгі үш тәулік ішінде қалада жол қозғалысы ережесін бұзудың 5 мыңнан аса дерегі анықталған. Мас күйде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылған. Сонымен қатар, 369 азамат көлікті тиісті құжаттарсыз тізгіндегені белгілі болды. 94 көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері түнгі жарыстарды анықтап, олардың жолын кескен. Бұдан бөлек, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 2 мыңнан аса дерегі тіркелген.

Ведомство мәліметінше, кейбір жүргізушілер өз әрекетін әдейі видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялайды. Алайда полиция мұндай адамдар анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...