Қандай жағдайда көлік айдап келе жатып телефон ұстауға болады? ІІМ түсіндірді

Қазақстанда жүргізушілерге рөлде отырып телефон қолдануға болмайтыны ескертілді, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізу кезінде телефонды қолға алып кез келген әрекет жасау заңбұзушылық болып саналатынын айтты. Бұл тіпті навигация қарау немесе тапсырыс қабылдау жағдайына да қатысты болмақ.

Осы мәселені ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранова түсіндірді.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 591-бабы көлік басқару кезінде телефон қолдануға нақты тыйым салады.

«Көлік жүргізіп келе жатқанда телефонды қолға алуға, сөйлесуге, TikTok көруге немесе хат жазуға болмайды», — деді ол.

Алайда заңда телефонды қол тигізбей қолдануға рұқсат бар. Яғни, дыбыс күшейткіш (громкая связь), автокөліктегі гарнитура немесе құлаққап арқылы сөйлесуге болады. Сондай-ақ, телефон арнайы ұстағышқа бекітіліп, GPS-навигация ретінде қолданылса, бұл заңбұзушылыққа жатпайды.

Министрлік өкілдері кептеліс кезіндегі жағдайға да тоқталды. Егер көлік толық тоқтап тұрса, жүргізуші аз уақытқа телефонды қарауына болады. Дегенмен полицейлер бұдан да бас тартуға кеңес береді.

«Толық бақылау жоқ, бірақ телефонды қолға алмаған дұрыс. Себебі заңда «көлік басқару кезінде» деп нақты көрсетілген», — деді Боранова.

2026 жылы рөлде отырып телефон қолданғаны үшін айыппұл 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде белгіленген. Егер бір жыл ішінде қайта бұзса, айыппұл 10 АЕК-ке дейін өседі. Айыппұлды дер кезінде төлесе, 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Сондай-ақ6 ІІМ басқа да жиі кездесетін құқықбұзушылықтарды еске салды. Мәселен, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 5 АЕК айыппұл салынады.

Ал бағдаршамның қызыл түсіне немесе реттеушінің тыйым салған белгісіне қарамай өткен жағдайда 10 АЕК айыппұл қарастырылған. Қайталанса, бұл көрсеткіш 15 АЕК-ке дейін артады.

Мемлекет басшысы Көбейтұз көлінің жай-күйіне назар аударды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар...

Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Қазақстанда әлеуметтік саясат өзгереді: Көмек шынымен мұқтаждарға ғана беріле ме? 

Қазақстанда әлеуметтік қолдау жүйесін реформалау мәселесі күн тәртібіне шықты. Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, еліміз әлеуметтік қорғау деңгейі бойынша көптеген мемлекеттен алда болғанымен, ендігі міндет – төлем көлемін ұлғайту емес, көмектің әділ бөлінуін қамтамасыз ету.

ҰБТ-2026: Талапкерлер ең көп таңдаған пәндер қандай? 

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясын атады.

2026 жылы АӘК-ті кімдер ала алады және қандай өзгерістер енгізілді? 

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) Қазақстандағы аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі болып қала береді. 2026 жылдың басынан бері бұл төлемді 30,3 мың отбасының 163,3 мың мүшесі алды.