Енді жалғызбасты ата-ананы жұмыстан шығаруға тыйым салынады 

Міндетті түрде еңбек шартын жасасу керек, деп хабарлайды BAQ.KZ naryk.kz порталына сілтеме жасап. 

Сенат «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Құжат жұмыс берушілерге де, қызметкерлерге де қатысты бірнеше маңызды өзгерістер енгізеді.

Негізгі жаңалықтардың бірі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚШ) іс жүзінде еңбек қатынасы ретінде қолдануға тыйым салу. Яғни, егер қызметкер нақты лауазым бойынша жұмыс істесе, жұмысты өзі орындаса, компанияның ішкі тәртіптеріне бағынса және еңбегі үшін (нәтиже емес, процесс үшін) ақы алса, мұндай қатынастар міндетті түрде еңбек шарты арқылы рәсімделуі тиіс.

Тағы бір маңызды норма әлеуметтік қорғауға қатысты. Заң 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға тыйым салады. Бұл шектеу штат қысқарту немесе өндіріс көлемінің төмендеуі жағдайларына да қолданылады.

Өзгерістер еңбек дауларын реттеу тәртібіне де әсер етті. Енді келісім комиссияларының жұмысына тәуелсіз делдал тартылуы мүмкін, бұл тараптар арасындағы дауларды объективті қарауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өндірістегі қауіпсіздік талаптары күшейтіледі. Ереуіл кезінде тараптар қауіпті өндірістік нысандарда апаттар мен адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін ең аз қажетті жұмыс көлемін қамтамасыз етуге міндетті.

Жазатайым оқиғаларды тергеу комиссияларының құрамы да кеңейтіледі. Енді оған жәбірленушінің адвокаты, жұбайы немесе заң кеңесшісі қатыса алады, бұл оның мүддесін қорғауды күшейтеді.

Сондай-ақ заң қызметкердің жазатайым оқиғадағы кінәсінің деңгейіне шектеу енгізеді  ол 25%-дан аспауы тиіс. Бұл норма жауапкершілікті жұмыс беруші мен қызметкер арасында әділ бөлуге бағытталған.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.