Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніңдегі уәкілі Н.Узбехановпен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесе Департамент қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Жиында мемлекеттік қызметшілерге әкімшілік рәсімдік процестік заң талаптары мен ережелерін қатаң сақтау бойынша мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, әкімшілік рәсімдерді қабылдау барысында ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстану керектігі айтылды.

Бұдан бөлек, Департамент қызметкерлеріне, оның ішінде жанадан тағайындалған қызметкерлерге келесі мәселелер бойынша түсіндіру жүргізілді:

  • Мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау бойынша (мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы; қызметтік тәртіп; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі; мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері; мемлекеттік қызметті тоқтату; қаржылық бақылау шаралары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер; мүдделер қақтығысы; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық.)
  • Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары; қаржылық бақылау шаралары;  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар; мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет; жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашуға, иеленуге, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу;  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;  мүдделер қақтығысы; сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою).
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау бойынша             1) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысу; 2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысу;3) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болу; 4) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалану;5) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысу; 6) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалану)
  • Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша;
  • Наурыз мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру;

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған  мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделінің» мысалдары насихатталды.

Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Бердиева С.  

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...

Профессия длиной в поколения 

За привычной стабильностью транспорта и производства стоит незаметный, но...

Мамандырылған ауданаралық эконоикалық соттарда талап қою арызын қараусыз қалдырудың негіздері

Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу жүйесінде талап қою...

Инициатива в защиту природы

В рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан» в Атырауской...