Жасанды интеллект университеті биыл алғашқы студенттерін қабылдай бастайды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект университетін ашу жоспары туралы мәлімдеді. Жаңа оқу орны алғашқы студенттерін биыл қабылдауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы ғылым мен технологияны дамыту ел үшін басым бағытқа айналып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан ғылым мен техниканың, өндірістік үдерістердің бағытына бет бұруы қажет.

Биылғы жыл өздеріңізге мәлім, менің шешіміммен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Біз еліміздің ғылым мен технологияға бет бұруы үшін нақты қадамдар жасауымыз керек. Меніңше, бізде заңгерлер, филологтар, дипломаттар сияқты гуманитарлық мамандар тым көп. Сондықтан ұлттың менталитетін өзгерту қажет. Ал менталитетті өзгерту дегеніміз – халықты ғылым мен технологияға бағыттау. Бұл біздің қолымыздан келмейді деп кім айтты? Біз Қазақстанда шын мәнінде менталдық төңкеріс жасауымыз керек, – деді Президент.

Оның сөзінше, осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – жаңа университет ашу.

Жасанды интеллект университетін ашу – маңызды оқиға болмақ. Жоспар бойынша, бұл оқу орны биыл алғашқы студенттер мен магистранттарды қабылдайды. Жасанды интеллектіні табысты дамыту мықты ғылымсыз мүмкін емес. Алгоритмдер мен күрделі инженерлік шешімдер, ең алдымен, дамыған ғылыми және университеттік ортада пайда болады. Сондықтан біз бұл бағытқа ерекше көңіл бөліп отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты.

28-30 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Спортты дамыту дирекциясы Шайдоровтың жалақысы туралы мәлімдеме жасады 

Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров отандық подкастардың бірінде жалақының уақытылы төленбей жатқанын айтып, қазіргі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, жеңістен кейінгі кезеңде қаржылай қолдау тоқтап қалған.

Қазақстанда бет-жүзді жабатын киім киген 1179 адам жауапқа тартылды 

ІІМ мәліметінше, жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында көзделген.