Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Үкіметтің отырысында заңнаманы жаңа Конституцияға сай келтіру мәселесі қаралды. Осы орайда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова алдағы шаралар жайында баяндады. 

Министрдің айтуынша, қазір мектептерде қолданылып жүрген оқулықтар 2018-2019 жылдары басылған және содан бері мазмұндық тұрғыдан жаңартылмаған. Осыған байланысты олар жаңа Конституциялық өзгерістер мен заманауи талаптарға сай қайта қаралады.

2026 жылы 3, 4, 7, 8, 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады. 2027 жылы 1 және 5 сыныптар оқулықтары жаңадан басылады. 10-11 сынып оқулықтарының мазмұны қайта қаралады. 2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар жарық көреді, – деді Оқу-ағарту министрі.

Ал Премьер-министр оқулықтарды жаңарту – өте маңызды екенін еске салды.

Біз мүлдем жаңа кезеңге аяқ бастық. Сондықтан Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, таза Қазақстан және басқа да қағидаттар оқулықтарға міндетті түрде енгізілуге тиіс. Бұны бақылауға алыңыз, — дейді Бектенов.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.