Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Мемлекеттік жүйенің маңызды құрылымы саналатын сот билігі де бұл үрдістен шет қалмаса керек. Соған сәйкес сот жұмысына цифрлық механизмдерді енгізу, жасанды интеллект жетістіктерін сот қызметін оңтайландыру мақсатында пайдалану бойынша іргелі ізденістер қолға алынуда. 

Инновациялық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекті терең интеграциялау отандық сот ісін жаңа деңгейге көтеріп, ашықтықты арттыруға, бюрократияны қысқартып, құқықтық мәдениетті нығайтуға көмектеседі. 2024 жылы өткен республика судьяларының съезінде бұл мәселеге айрықша мән берілді. Қазақстандық соттың бүгінгі жетістіктері мен нәтижелеріне оң бағасын берген Президент осы мәртебелі жиында сот жүйесін цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу міндет екенін қадап айтып, бұл азаматтардың сот процестеріне қатысуын жеңілдететін, сот қызметінің ашықтығын арттыратын, сондай-ақ біртұтас сот актілер дерекқорының құрылуына ықпал ететін мықты тетік екенін жеткізді.

Жалпы сот жүйесіне жаңа технология жетістіктері таңсық емес. Біздің құрылым өзге мемлекеттік органдармен салыстырғанда сандық технология жетістіктерін ерте меңгеруімен, алғашқылардың бірі болып қолданысқа енгізуімен ерекше. Бүгінде қоғамға қажеттілігін дәлелдеген «Сот кабинеті» бірыңғай сервисі, «Төрелік» ақпараттық жүйесі – сол сандық технология көмегімен дайындалған жобалардың алқашқы қарлығаштары.

Қазіргі таңда Жоғарғы Сот төрағасы А.Мерғалиевтің басшылығымен сот жүйесінде жасанды интеллектіні пайдалану бойынша жан-жақты ізденістер қолға алынып, жаңа жобалар енгізуге талаптар жасалуда.  Мәселен сот актілерінің жобаларын дайындауға көмектесетін робот-ассистенттерді енгізу, сот тәжірибесін цифрлық талдау сервисін жасақтау, істердің нәтижесін болжауға көмектесетін электрондық механизмдерді әзірлеуге қатысты ауқымды іс-шаралар қолға алынды. Мұның бәрі сот жұмысын мейлінше жеңілдетуге, судьялар жүктемесін азайтуға, сот қызметін азаматтарға қолжетімді етуге ықпалын тигізеді.

Бүгінгі күні халықаралық индекстер бойынша Қазақстанның сот жүйесінің цифрландыру деңгейі 4-орында тұр. Цифрландыру және жасанды интеллект құралдарын енгізудегі жұмыстар оң нәтижесін берсе, бұл көрсеткішті одан да жақсартуға мүмкіндік туары анық.

М.Джанабаев,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...